53
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
неге тән көрсеткіш болса, Майқы бидің өмір бойы арбаға мініп жүруі де – Ұлы
Бабаға тән сипат» [4,23-24].
Сонымен, мифоантропонимиялық концептілер ғаламдық антропонимиялық
бейнесінің ең көне, алғашқы, бастапқы қабатын суреттейді. Осы қабаттың не-
месе деңгейдің басты сипаттарын жоғарыдағы еңбектерге қарап, дұрыс болжам
жасап атап өттік. Осы бөлімде талданған, қазақ дүниетанымында және тілінде
сақталған аталмыш концептілер мен антропонимдер қазақтың арғы бабаларының
дүниеге, елге, жаратылысқа, адамға, мемлекетке деген көзқарасын, танымын
көрсетеді. Мифоантропонимиялық концептілердің мазмұндық өрісіне аталмыш
концептілерге, антропонимдерге қатысы бар мифтік аңыздар, әңгімелер кіреді.
Ал мифоантропонимикалық мифтік аңыз, әңгімелерге кейінгі дәуірлердің үлесі
іспетті басқа да этномәдени мазмұны бар деректер кіріп, сіңісіп кеткен. Сол
себепті кейбір мифоантропонимикалық концептілердің мазмұндық өрісі бірнеше
қабатты немесе деңгейлі болып келеді.
Белгілі қазақ ономасты, профессор Т.Жанұзақ қазақ антропонимиясының
даму тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырады: бірінші кезең – көне түркілер
дәуірі (V-Х ғғ.); екінші кезең – орта ғасыр дәуірі (Х-ХVІІ ғғ.); үшінші кезең
- (ХVІІ-ХІХ ғғ.); төртінші кезең – кеңес дәуірі [6,16-23]. Осы төрт кезеңге
қатысты қазақ антропонимдерінің негізінен тілдік сипаттарына назар аударған
профессор Т.Жанұзақ әр дәуірдің жемісі іспетті антропонимдеріне қатысты
болған этномәдени, идеологиялық т.б. факторларды атап өткен, солардың қазақ
антропонимдерінің типтік тұлғалануына әсерін, ықпалын қысқаша болса да
сипаттаған.
Мәселен, көне түркі дәуірінде пайда болып, қалыптасқан қазіргі қазақ тілінде
нұсқалары бар антропонимдердің этномәдени мазмұнында Тәңір (көк), көк,
күн, ай, тау, су т.б. культтерінің ізі бар екендігін Т.Жанұзақ атап көрсеткен бола-
тын [6,16]. Әрине, көне тұлғала қазақ антропонимдері тек қана сол көне түркі
заманындағы байырғы түркі тілінің жемісі, тұлғасы деп қарауымызға болмайды,
себебі кез келген жалқы еміс (оним) белгілі бір ономастикалық концептінің де
тілдік көрінісі, жемісі, нәтижесі болып табылады. Осы тұрғыдан келетін болсақ,
ономастикалық лингвоконцептология аясында және арнасында көне түркілік
антропонимиялық концептілердің этномәдени мазмұнын аршып көрсетіп, қазақ
тіліндегі ғаламның антропонимиялық бейнесін сипаттауымыз қажет.
Руникалық ескерткіштерінде кездесетін көне түркі антропонимдер аса көп
емес, олар қағандардың есімі болып келеді. Ал енді көне түркі антропонимдердің
бір бөлігі атақты түркі лингвисі Махмұд Қашғаридың «Диуани-лұғат-ат түрк»
еңбегінде кездеседі. Қазақ антропонимдерінде көрініс берген көне түркі
антропонимиялық концептілердің саны біздің пікірімізше аса көп емес, сол се-
бептен қазақ антропонимоконцептілердің осы қабатын реконструкциялау оңай
шаруа емес. Тағы бір ескеретін жағдай – көне түркі антропонимиясы арнайы
Достарыңызбен бөлісу: