Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет49/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Антропонимика


50

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

заманнан  елес  беретін  «Ұрым  заманы  (дәуір)»,  «Орманбет  би  өлген»  тарихи 

кезеңі,  «Ноғайлы»  дәуірі  жөнінде  имплицитті  (кодталған)  түрінде  сақталған 

лингвоментальді деректер бар. Зерттеушілер осы мифоантропонимиялық кон-

цеп тіден басқа да деректерді болжам, гипотеза түрінде табуы мүмкін. Мәселен, 

С.Қондыбай Алаш этимологиясын анықтай келе, Алаш сөзінің бастапқы тұлғасы 

Ал-ажи,  Ал-әже  болған,  ал  бұл  есім  әйел  құдайының  аты  -  матриархатты 

ауыстырған  партиархат  орнағаннан  кейін  ер  құдайының  аты  болды  деген  жо-

рамалды алға былайша тартады: «Этимология слова алаш берет начало от про-

тотюркской праформы Al, ознаяающей «изначальный, красный и берущий (см. 

Статью Ал). Очевидно, Алаш сначала было именем праматери, т.е. божеством 

женского облика Ал­ажи, Ал­әже ­ Алаша. Только после эпохальной победы па-

триархальных отношений в древнем обществе образ стал пониматься как муж-

ское божество» [5,51]. 

Мификалық,  ең  көне  антропонимиялық  концептілерге  С.Қондыбай:  «Ка-

захская  мифология.  Краткий  словарь»  атты  сөздігінде  келтірілген  Алатайлы 



Аңшыбай,  Алау,  Алдар  көсе,  Алпамыс,  Алтыншаш,  Арғы­мерген,  Асан  Қайғы, 

Әспембет,  Жиренше,  Көкше,  Майқы  би,  Өгіз  хан,  Шаншар,  Шолпан,  Шора 

батыр  т.б.  мифоантропонимдерді,  яғни  сол  антропонимдерге  қатысы  бар 

лингвоментальді  өрістерді  жатқызуға  болады.  Зерттеушінің  білгірлігіне  орай 

аталмыш  лингво мен тальді  өрістерді,  кешендерді  кеңейтіп  немесе  тарылтып 

қарастыруға да болады, ал тілді, мәдениетті пайдаланушы (тілде сөйлеуші) өзінің 

мәдени-ин те лек туалдық деңгейіне байланысты осы «өріс-кешен-концептілерді» 

әркім  әр  мөлшерде  қабылдайды,  меңгереді.  Жоғарыдағы  біз  келтіріп  отырған 

лингво-ономаконцепт мәселесі зерттеу жұмыстың басқа қырында қаралмақ, бұл 

жерде біз оны назардан тыс қалдырамыз.

Ғаламды,  яғни  дүние  болмысын  құрайтын,  соның  құрылымына  енетін 

қоғам,  этнос,  мемлекетке  қатысты  танымдық  бөлшектер,  қағидалар,  ұғымдар 

жоғарыда  тізімін  келтірген  мифоантропонимдердің  лингвоментальді  өрісінде 

сақталған.  Мәселен,  бірлікке  (мемлекеттікке)  қатысты  жетекші  ұғым  «Абақ» 

мифоантропонимиялық  лингвоментальді  кешенінде  мынадай  көрінісін  береді. 

Абақ ­ Алаша хан сияқты қазақтардың ең алғашқы мемлекетінің билеушісі неме-

се орнатушысы: «Если Алаша хан - первый мифический основатель казахского 

государства, то Абак чситается его сыном и первым квазиисторическим правите-

лем казахов» [5,35]. Осындай немесе осыған ұқсас антропонимиялық ментальді 

мәліметтер қазақтың эпостық жырларында сақталған. Мысалы, «Айсыл ұлы - 

Әмет» эпосында Әмет (Абақ) Жәнібек ханмен араздасып одан бөлініп айдалаға 

қашып кетеді. Бір өзі кетпей, Жәнібек ханның қызын өзімен ала кетеді. Хан Алау 

батырға үш жүз сарбазын беріп қуғынға жібереді, бірақ Алау батыр сарбаздары-

мен Әмет жағына өтіп, Әметпен бірге қалады, сөйтіп болашақ қазақ халқының 

негізі қаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет