52
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
немесе «Йим» есіміне «ай» немесе «айы» (Тәңір - иелер немесе қайырымды
рухтардың жалпы атауы) сөзінің жалғауынан «Йамай/Йамайы» немесе «Йимай/
Йимайы» сөзі шықты, уақыт өте сөз басындағы «ий-/-йа» дыбысы редукцияла-
нып «Май/Майы» («Бай/Байы» дыбыстық вариациясымен) варианты пайда бол-
ды да, оған «-құ/-қы» жұрнағы жалғануы нәтижесінде «Майқұ/Майқы» немесе
«Байқұ/Дайқы» есімдік тұрпаты қалыптасты» [4,19].
Осы және басқа дәйектемелердің негізінде С.Қондыбай «Майқы» сөзінің
және бейнесінің ең бастапқы тұрпаты: дей-түркілік екенін дәлелдейді және де
қазақстандық ғалым Ю.Зуевтің «үндіеуропалық» концепциясына қарсы шығады:
«үндіарийлік» - «үндіирандық» - «үндіеуропалық» түсініктер мен сөздердің ба-
стауында «дей-түркілік қайнар» жатыр деген ой - Ю.Зуевтің де, басқанын да «үш
ұйықтаса түсіне кірмеген кірмеген». Ол және ол сияқтылар осындай ойдың өзін
күпірлік деп есептейді [4,21].
Сонымен «Майқы би» мифоантропонимиялық коонцептісінің де басты идея-
сы, лингвотанымдық мазмұны елдің, қазақ атаулы халықтың ең алғашқы адамы,
түп қазығы, ұлы бабасы деген түсінікке тіреліп тұр. Ғаламды, дүниені ұлы баба-
сы деген түсінікке теріліп тұр. Ғаламды, дүниені танудағы адамның, халықтың
яғни этностың өз орны, оның шығу тарихы, төркіні осы әлемде өзінің пайда бо-
луы деген қағидалы түсінік – ең басты, маңыздылығы жағынан бастапқы түсінік
болып келеді. Кез келген халықтың мифологиясында, ежелгі дүниетанымында
алғашқы ел адамы, сол халықтың, тайпаның тұңғыш адамы, түп атасы киелі бо-
лып саналады, себебі сол елдің елдігін, мемлекеттігін қалыптастырып орнатқан
қасиетті адам. Сол себепті ол – патша, би, Ұлы Баба. Жоғарыда көрсетілген Абақ,
Алаш, Майқы би, Алатайлы, Аңшыңбай, Асан қайғы Ұлы Бабаның сипаттарына
ие. Осы аталған мифтік тұлғаларға байланысты аңыздар да Ұлы Бабаның си-
паттарын деректеп дәйектейді. «Майқы би» туралы аңыздық деректердің саны
аз, мысалдарын мифтік «Ұлы Баба» деңгейінде түсіндіруге болады:
«1. Майқы би 12 бимен бірге Шыңғыстауда Темучинді Шыңғысхан деген
атпен хан деп көтерген 12 бидің қатарында, сол бидің үлкені ретінде аталады.
Сондай-ақ, ол қазақтың үш жүзіне ат берген, таңба мен ұран үлестірген кісі
ретінде айтылады. Осы екі мысалдағы сайлау (билік инвеститурасын беру),
әлеуметтік сыбаға (таңба, ұран, ат – әлеуметтік-иерархиялық көрсеткіштер)
берудің де түптеп келгенде ұлы Бабаның құзырында, ар жағында, ілкі Төрдің
құзырында екендігін еске саламыз.
2. Алаша хан туралы аңызда Майқы бидің Алаша баланы арнайы іздеп ба-
рып, оған билік ету құқын бергендігі айтылады. Бұл да – алдыңғы мысалдағыдай
түсіндіріледі.
3. Алаша хан туралы аңызда Майқы бидің екі сипаты көрсетілген: 1) ол-
асқақ, 2) сондықтан да ол – арбаға мініп жүреді, арбасына адам жегіледі екен.
Ақсақтық, яғни, жалғыз аяқтылық – жылан табиғилығы жағынан мифтік бей-
Достарыңызбен бөлісу: