7.1. республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы) тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру:
7.1.1. республикалық маңызы бар қалалардағы (Астана мен Алматы)аудан-
дарға, қаладағы құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезін-
де,тиісті жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың қарауына енгізеді;
7.1.2.тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының
өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді;
7.1.3.тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамалары жеті
жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында
орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тарала-
тын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;
7.1.4.тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресім-
делген республикалық маңызы бар қаладағы аудандарға, құрамдас бөлік теріне
атау беру және оларды қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының ескерілген
пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес
тиісті ономастика комиссияларының (Республикалық ономастика комиссиясы)
қарауына ұсынылады;
7.1.5.республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін, Респуб-
ликалық маңызы бар қалалардың, астананың (Астана мен Алматы) ономас -
тика комиссиясы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы
аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау бойынша
қорытындылар береді;
7.1.6. республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудан-
дарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөнiндегi мәселені
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi және
атқарушы органдары республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен
кейін, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссия-
сының қорытындысы негiзiн дешешім шығарады.
Орайлы ұсыныс
75
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Достарыңызбен бөлісу: |