7.2.Облыстық маңызы бар қалалардағы (облыс орталықтары мен
облыстық маңызы бар қалалар)тиісті аумақ халқының пікірін ескеру:
7.2.1. облыстық маңызы бар қалалардағы (облыс орталықтары мен облыстық
маңызы бар қалалар)аудандарға, қаладағы құрамдас бөліктеріне атау беру және
оларды қайта атау кезінде, тиісті жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың,
яғни облыс орталығының, облыстық маңызы бар қаланың қалалық мәслихаттың
қарауына енгізеді;
7.2.2. тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының
өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді;
7.2.3.тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамалары жеті
жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында
орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тарала-
тын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;
7.2.4. тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен
ресім делген облыстық маңызы бар қаладағы аудандарға, құрамдас бөліктеріне
атау беру және оларды қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының ескерілген
пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес
тиісті ономастика (Республикалық ономастика комиссиясы) комиссияларының
қарауына ұсынылады;
7.2.5. республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін,
облыстық өкілді және атқарушы органдар облыстық маңызы бар қаладағы
аудандарға, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау бойынша мәселе
облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен жүзеге асы-
рады.
Достарыңызбен бөлісу: |