78
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
атау беру және қайта атау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарды са-
раптап, толықтырып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынады;
10.5. бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi елдi мекендерге, елдi ме-
кендердiң құрамдас бөлiктерiне бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібінің сақ-
талуын қатаң бақылайды;
10.6. облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын құжаттар-
ды сараптап, яғни қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және
осы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген тәртіпке сәйкес жолдануын жіті
қадағалайды;
10.7. қолданыстағы заңнамада көрсетілген критерийлерге және осы әдіс-
темелік ұсынымдарда көрсетілген тәртіпке сәйкес келмейтін құжаттарды
қабылдамай, кері қайтарады;
10.8. байырғы тарихи атаулары бар елді мекендер бойынша жергілікті
ғалымдарды тарта отырып, олардың тарихи атауларын қайтару жөнінде тиісті
жұмыстар жүргізеді;
10.9. ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде тиісті аумақ халқының
пікірін ескеру қолданыстағы 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Үкіметтің
қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады;
10.10. сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәселесін бақылауды 11-бө лік те
көрсетілген талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізеді;
10.11. атау беру және қайта атау кезінде ұсынылған атаулар бойынша, әсіресе
елді мекендердің байырғы таихи атауын қайтарукезінде халықты хабардар ету,
сондай-ақ республика халқының құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатында
халықпен түсіндіру жұмыстарын, елді мекеннің қайтарылатын тарихи атауы
туралы мерзімді баспасөзде материалдар жариялау, теледидар мен радиодан
(белгілі зиялы қауым өкілдерін тарта отырып) хабарлар
ұйымдастырады;
10.12. ономастиканың көкейтесті проблемалары бойынша республикалық
конференциялар, өңірлік көшпелі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: