85
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Жоғарыда аталған ономастикаға қатысты заңда бір атау сол өңірде екінші
рет берілмейді деп көрсетілсе де осылай. Бұл салғырттық па, жауапсыздық па,
түсініксіз.
Аталған мәліметтерге көзқарасын білдірген облыстық тілдерді дамыту бас-
қар масы ономастика бөлімінің бастығы: «Облыстық ономастикалық комиссия
қайта құрылды. Енді білек сыбана кірісеміз», депті. Іске сәттілік тілей оты-
рып, өткен шақырылымда Парламент Мәжілісінің депутаты болған Жарасбай
Сүлейменовтің Петропавл қаласының атын Қызылжар деп өзгерту жөнінде ұсы-
ныс жасағанын, қарсылар өре тұра келгенін, жақтағандардың даусы қатты ес-
тілмегенін, сондай намысты сәтте ел азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығара алмағанымыз еске оралды.
Осы тұста Қазақстан тұрғындары жер, елді мекен атауы туралы сөз болған
сайын неге қақ жарылады деген сұрақ туындайды. Бір кезде үстем болған
жұрттың ішінде қазақ халқының орынды ұсыныстары мен талаптарын ашық
қолдайтын азамат неге жоқ? Олардың тарапынан Павлодарды немесе Петро-
павлды өзгертіп, байырғы елдің, біздерді бауырындай сыйлаған дарқан елдің
көңілінен шығайық, атамекенімізде қалың тарихымыз, дәуірлеп тұрған тіліміз
бар, дәулетсіз де емеспіз, әулетсіз де емеспіз дейтін адам неге табылмай келеді?
Талайымызды осы сауал мазалайды. Ағайын санағандарымыздың сөзі же-
тістікте сергек, мәселеде кермек бола берсе, бұл ахуал әлеуметтік ғылымдар
аясында зерттелуі керек шығар. Себебі, қазақ азаматтары ұлттық мүддеден ту-
ындайтын талаптарын айтпай тұрмайды. Сондай талап-өтініштің бірін Кереку
тұрғыны, тарих ғылымдарының докторы Қайырболат Нұрбаев біраздан бері
көтеріп келеді. Ол Павлодар атауының өзгеруін көксейді. «Отаршыл патшаның
баласы Павелдің құрметіне қойылған Павлодар қаласының аты өзгермейінше
өзімізді егемен елдің азаматтары ретінде сезінуіміз қиын», деп қынжылады
(«Ертіс дидары», «Павлодарға көне атауы қайтарылуы керек» 2009 жылғы 25 ма-
мыр.) Рас шығар. Егер білдей бір облыс орталығы әлемге мәшһүр Л.Толстойдың
немесе А.Пушкиннің есімімен аталса, жақсыда жаттық жоқ деп кеңдік таныт-
паймыз ба? Ал мына атау біздің рухымызға да, тарихымызға да мүлде жат қой.
Осындай ой-ұсыныс маған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
уни верситетінің ұстаздарынан, «Қазақ тілі» облыстық ұйымынан, басқа да аза-
маттардан келген еді. Олардың арман-мұраты – тарихи әділдіктің орнығуы,
байырғы жер атауын қайта тірілту.
Шіркін-ау! – дейсің осыдан кейін.
Қазақстанға оның бүгіні және ертеңіне саяси да, қоғамдық та, тіпті, пенделік
те тұлға болып табылмайтын, Ленин «халықтар түрмесі» атаған патшалық Ре-
сейдің билеушісі Екінші Александрдың дүниеге 1860 жылы келген баласы
Павелдің қанша қатысы бар?! Біреулер патшаның інісіне балайтын, «Қазақстан»
Ұлттық энциклопедиясы ешқандай дерек бермей айналып өткен осы пенденің
Достарыңызбен бөлісу: