Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет83/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Орайлы ұсыныс


84

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Сарыарқаның кіндік тұсына, төрт құбыланы тоғыстырған жер ортасына, Нұра 

мен  Есіл  өзендері  екпіндеп  келіп  іргелескен  тұсқа  қамал  салған.  Тайтөбе  деп 

аталатын төбенің үстіндегі қорғаннан кеңдігі бас айналатын ұлан алқапты күні-

түні қас қақпай барлаған. Ғұн тілінде «Ақ» – батыс, «Мола» – қамал ұғымын 

білдірген. Қорған-шаһарға «Ақмола» деп ат қойған. Мұны ертеректе Византия 

жазушысы, Ғұн тілін зерттеген Прокопий де растаған («Прокопий о постройках, 

перевод с латинского. «Вестник древней историй», 1939 жыл, №4). Ол «мола» 

сөзі ғұндарда «биік, қорған, қамал» деген ұғымдарда айтылған деп түйіндейді.

Осы байламға 1965 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінде 

дүниеге келген, 1987 жылы Пекиндегі Орталық Ұлттар университеті филоло-

гия факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, осы оқу орнында 1992 

жылға дейін қазақ тілі кафедрасында оқытушы болған, сол жылы елге оралған 

ғалым  Қайрат  Ғабитханұлы  да  қосылады  («Күннен  туған  таным»,  ҰҒА-ның 

«Хабарлары», 1966, №1).

Иә, тарихтың бізден жасырған құпиясы көп, оның сырын там-тұмдап ашуда-

мыз. Халық та мәңгілік, оның өткен жолын шежірелейтін тарих та мәңгілік. Олар 

мәңгі  уақыт  аясында  бірін-бірі  толықтырумен  болады.  Жаңғырғысы,  аумалы-

төкпелі ғасырларда қонған шаң-тозаңнан арылғысы келеді. Біздің, өтпелілердің 

парызы  –  тарихтың  жоғалтқанын  бүгінгі  күннен  табу,  есесі  кеткен  күндердің 

көсегесін көгерту. Бұл бағытта жеңістеріміз баршылық. 1993 жылы Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Целиноград  қаласы  мен  Целиноград  облысын 

Ақмола қаласы және Ақмола облысы деп атау туралы Жарлыққа қол қойды. Осы 

қаланың азаматтары тізе қосып, елден 12 мың қол жинап, Есіл мен Нұра жарыса 

аққан,  Сарыарқасы  сайынданған  ерен  өлке  тарихи  тегін  тауып,  қайта  түлесін 

деген өтінішіміз өмір бақи шалқытатын ұшан-теңіз қуанышқа айналды. Қалың 

ел Президентке ағыл-тегіл алғыс айтты.

Кезінде жұрт сүйіншілеген мұндай игілікті қадам бірен-саран емес. Өзгерер 

сәтін,  қайта  жаңғыртатын  кезін  күткен  қалалар  мен  өңірлер  де  баршылық. 

Ауылдық және аудандық деңгейдегі атаулардың бағзы атауын да толық қайтарып 

алған жоқпыз. Тың және тыңайған жерлерді игерген 1954-1964 жылдары тың 

өлкесіне қараған бес облыста орысша қайта аталған 200 елді мекеннің талайы 

әлі күнге Петровка, Семеновка, Покровка және басқа болып жүр.

«Алаш  айнасы»  газетінде  (2013  жылғы  15  маусым)  Солтүстік  Қазақстан 

облыстық  ономастика  комиссиясының  мүшесі  Таңат  Сүгірбаевтың  «Абылай 

ханға бір көшесін қимаған Қызылжарда Лениннің 83 көшесі бар» деген шағын 

мақаласы жарияланды. Тақырыбын оқып күрсінген біз облыстағы елді мекендерге 

кеңес кезінде комсомол атауы берілген – 72, Октябрь аталған 45 көшенің сол күйі 

өзгеріссіз тұрғанын біліп дал болдық. Киров, Карл Маркс, Пугачев, Калининнің ең 

нашарының атында – 22, ең мықтысының атында 40 көше бар екен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет