Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет85/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Орайлы ұсыныс


86

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

есімі су анасы – Ертіс орталық алқабын жуып жатқан, бір қапталы Батыс Сібір 

ойпатымен  жалғасқан,  екінші  қапталын  Сарыарқаның  сар  даласы  көмкерген, 

қазақ ұғымында қасиетті саналатын атақты Құлынды алқабын түгел қамтыған 

бағзы өңірдің атауы болуға лайық па?! Әрине, жоқ. Осынау ұлы даланың күні 

бүгінге дейін солай аталып келуі тарихи да, рухани да, әлеуметтік те кемшілік. 

Павлодар облысы енді өзінің тарихи ұлттық мазмұнын табуы керек. Ұлан-байтақ 

өңірін көрікті таулар мен көркем көлдер кестелеген, Баянауылы Алты Алаштың 

теңдесі жоқ аруындай арайланған, Әулиетауы өсіп-өркендеген елін тіл-көзден 

қорғаған,  тарихы  аңыз,  елі  абыз  өлке  отарлық  салқын  атау-дан  арылатын  кез 

жетті  деп  есептейміз.  Бұл  –  ұлттық  міндет,  перзенттік  парыз,  алысып  өткен, 

өкініп өткен ата-бабаның аманаты емес пе?!

1720 жылы Коряков әскери бекінісіне, 1861 жылы Павлодар деген атпен ста-

ницаға айналып, әлі күнге солай аталып келе жатқан қала жайлы соңғы сөзді 

кейінге қалдыра тұрып, қазіргі тілейтініміз осы. Ұлы өлке, қазақтың жойқан ер-

лері Олжабай, Малайсары, Жасыбай қорғаған ұлан өлке, туған еліне мәңгілік 

ән мұра қалдырған Естай, Жаяу Мұса, Майралар әсем әуенімен аялаған қайран 

өлке, ғұлама Мәшһүр, кемеңгер Марғұлан, дана Қаныш, ардақты Шәкен сүйген 

киелі өлке сайда саны, құмда ізі жоқ Павелден арылып, түпкі тегін, түп қазығын 

табуға тиіс.

Асылында, облыс пен оның өңірі бір атауға қосақталуы шарт емес. Орталық 

Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Жамбыл 

облыстарының орталықтары – Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтау Көкшетау, 

Тараз. Ендеше, қазақтың біз сөз етіп отырған ұлан өлкесі Ертіс немесе осы өңір 

жұртшылығы  қалаған  басқа  атауға  ие  болғаны  жөн.  Ел  тарихына  батпандап 

кірген дертті осылай мысқалдап шығарсақ абзал. Аймақ азаматтары бүгінде осы 

мәселеге ден қойып, өңірді жаңаша атау жөнінде қалың жұртпен және жергілікті 

билік орындарымен байсалды кеңес құрса дейміз.

 Әңгіме соңында әуелгі пайымымызға қайта оралсақ, тиісті мемлекеттік және 

ғылыми  орындар  еліміздегі  жер-су,  қала,  өңір,  елді  мекен  аттарының  бағзы 

атаулары мен тарихы, олардың қайсы қашан қандай себеппен өзгертілгені ту-

ралы зерттеу жұмысын қолға алып, екі тілде академиялық анықтама шығаруға 

міндетті.  Қазақтың  әр  сүйем  жерінің  тарихын  еңбектеген  баладан  еңкейген 

кәріге дейін білуге тиіс.

 



87

ХАБАРШЫ


Ономастикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет