Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет87/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Орайлы ұсыныс


88

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

басса керек. Сол кезде арал қалың биік жыңғыл өскен құм төбелерден тұратын, 

ал жағалауы қалың қопалы қамыс болыпты. Биік жыңғыл мен қалың қамыс алу-

ан түрлі құстардың ұя салып балапан өрбітетін мекені болған. Осыған байланыс-

ты да арал «Ұялы» атанған. Кеңес дәуіріне дейін-ақ бұл жерде орыс көпестері 

арқылы балық зауыты ашылып, кейін «Балықшылар» колхозы құрылған, одан 

соң трест болып құрылды.

Өткен  ғасырдың  60-жылдарына дейін  16  ұлттың  өкілі тұрған  бұл  аралда  7 

жылдық орысша-қазақша мектеп болды. Осы мектептен оқып, кейін ел аузына 

ілінген азаматтардың талайы әлі де арамызда (солардың бірі-қоғам қайраткері, 

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ұзақбай Қараманов)

Мінеки, бір кездері ұрпаққа, тіпті басқа да ұлттарға құтты мекен болып шару-

асы шалқыған, талай алып кемелердің келіп-кетер мекені болған ел орны қазір 

жоқ. Картадан да мүлде өшкен. Оның атын енді ешкім атамайды. Адамдардың өз 

қолымен табиғатқа жасаған сұмдық қиянатының қорытындысы осындай.

Сол Ұялы аралының өзінде бірнеше мекен атауы болатын. Мәселен, Ұялының 

оңтүстік қиыр шетінде кемелерге жол көрсетіп тұратын маяк болатын. Оны жұрт 

«Көкіріп» деп атаушы еді. Сөйтсек, ол «Кукарев» деген маякты жағып тұратын 

орыстың атына қойылған екен.

«Құлымғали» деген жер сол жерде жылым салып, көп балық алған бригадирдің 

атымен аталған.

«Поселке» деген жерге ең алғаш орыс балықшылары келіп орын тепкен екен. 

Кейін олар көшіп, балықшы колхозының орнына орналасқан. Ұялының маңында 

көптеген аралдар, елді мекендер болды.

«Ұзынқайыр»-Ұялымен жалғаса жатқан, кезінде шағын балық өңдейтін за-

уыты, дүкені, бастауыш мектебі бар ұзынша арал. Өзінің аты айтып тұрғандай, 

айнала  жағасы  қайыр  болуына  байланысты  ірі  кемелер  келе  алмайды. 

Ұзынқайырдан  жоғары  солтүстікке  қарай  «Жалпақ»,  «Тасты»  деп  аталатын 

аралдар да балықшылар мекені болатын.

Қызылқұмның теңізге сұғына кіріп жатқан Ұзынқайырға жақын шығанағын 

«Қосшегенді» деп атайтын. Бұл жерге ерте кезде сексеуілмен шегенделген екі 

құдық болған және олар көп жылдар бойы халық игілігіне жараған. Жалпы теңіз 

қайтқанға дейін ол жердегі аралдардың, теңіз жағалауларының кез-келген жерін 

қазса, тұщы су шығатын. Теңіз суы қатқаннан кейін тұщы су да құрыды, ел де 

кетті.

Қосшегендінің Қызылқұмға жалғас шекарасында «Сұлу» деп аталатын биік 



төбе бар. Аралдан келе жатқан кемеге жағалаудан бұрын мұнартып осы «Сұлу» 

көрінер еді. Атына заты сай, «Сұлу» десе, сұлу еді, шіркін.

Балалардың  ит  көсік  пен  жабайы  жуа,  сағыз  теретін  саяхат  орны  бұл  жер. 

«Сұлудың»  етегінде  бүкіл  сол  аймақтағы  исі  мұсылманның  бейіті  бар.  Онда 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет