Жеңіс Сәдуақасұлы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Жер-су атауларын жойылудан сақтау- елдік іс
Қай халықтың болмасын ұлттық белгісі оның тілі арқылы көрінеді десек, тіл
байлығының бір парасы сол халық мекендеп өмір сүрген аймаққа қойған атау-
лармен тығыз байланысты. Нақтырақ айтсақ, жер-су атаулары-халық өмірі мен
тұрмысының айнасы болумен бірге, белгілі бір жағдайларда халық санасынан
ұмытылып, өшіп қолданыстан шығып қалып жатады. Мұндай атаулар белгілі
бір ұрпақ үшін санасында мәңгілік сақталған сағынышты сөздер болса, кейінгі
ұрпақ үшін мүлде болмаған, ертегідей жаңа атаулар болып көрінуі мүмкін.
Белгілі бір жерге атау қойылуы-сол жерде ел болуының көрінісі. Ал сол
жерден ел көшіп, бұдан былай сол аймақ халық қонысына айналмаса, атау да
біртіндеп естен кетеді, жойылады. Ал оны сақтап қалу, мәңгілік ету ел, халық
тарихы үшін де, тіл тарихы үшін де өте қажет-ақ.
Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап Арал теңізінің құрғауы салдарынан
оның жағалауынан қаншама халық көшіп, қаншама елді мекеннің иесіз қалғаны
белгілі. Сол елді мекендердің, тіпті тұрақты мекенге айналмаса да, арлы-бері
жүретін жолдардың бағдаршамдары қызметін атқарған белгілердің, балықшы,
малшылардың тұрақтарының атаулары бұл күнде жойылған. Олар сол жерді бір
кезде мекендеп, қазір Қазақстанның әр жеріне шашырап кеткен ересек ұрпақтың
ғана есінде сақталған, көбі ұмытылған. Ал олардың балалары ондай жер-су атау-
ларын ата-аналарынан ғана естиді, мүлде естімейтіндері қаншама.
Арал теңізінің суы мол шағында Арал қаласынан бастап Қарақалпақстанға
дейінгі оның шығыс жағалауында сансыз аралдар-балықшылардың мекендері
болатын. Сырдың Аралға құяр аймағындағы және аудан орталықтарына жақын
орналасқан ел көшпей қалған жерлердің біразының атауы әлі де сол күйінде
сақталған (Қаратерең, Бөген, Қамбаш, т.б.)
Біз ауданнан қашық, халықтың тұтас көшіп кетуіне байланысты аты өшкен
мекендердің біразына тоқталуды жөн көрдік.
«Ұялы»-Арал теңізінің шығыс жағалауында орналасқан, ұзындығы 20-25,
ені 1-3 шақырымдай болатын жан-жағын су қоршаған арал. Кеңес үкіметінің
1990 жылға дейінгі карталарында аты аталып көрсетілетін. Ол аудан орталығы
Арал қаласына қарағанда Қарақалпақстанның Мойнақ қаласына жақындау
орналасқан.
Үлкендерден естуімше, ол жерге халық ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде аяқ
Достарыңызбен бөлісу: |