Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет88/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Орайлы ұсыныс


89

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Жанқожа батырдың әкесі Нұрымбет те жатыр. Ал Жанқожаның бейіті осы жер-

ден 20-30 шақырымдай жерде, Қызылқұмда.

Ұялының оңтүстігіне қарай Қызылдың тағы бір қойнауы «Биіктау» деп ата-

лады. Ол жерде де ар жағы Қарақалпақ, бер жағы Сырмен байланыста болып, 

бір  жағы  малмен,  бір  жағы  балықпен  айналысқан  ата-бабамыз  отырған.  Сол 

маңайда «Көп мола» деген жерде олардың ата-бабаларының бейіті бар.

Одан әрі «Қос шоқы» деп аталатын арал, алыстан екі биік төбе болып көрі-

нетін, онда да шағын балық зауыты, бастауыш мектеп, дүкен болатын.

Сол маңайда «Кендірлі», «Сексеуілді», «Селеулі», «Түлкілі», «Дамбал», «Қы-

земшек», т.б. толып жатқан атаулары бар ұсақ аралдар көп еді. Олардың бәрінде 

де азын-аулақ болса да ел болатын.

«Меншік»  деген  арал,  орыстың  балықшы  көпесі  «Меньшиковтың»  аты-

на  қойылыпты.Сырдарияның  Қуандария  аталатын  бір  тармағының  дәл  Арал 

теңізіне  құяр  сағасында  Қарабура  деген  жер  бар.  Ол  жердегі  ел  бір  жағы 

балықпен, бір жағы егіншілікпен айналысқан. Жердің «Қарабура» аталуын анық 

білетін қариялар қазір жоқ. Ол жерде ел қалмаған, тек метрологиялық станция 

жұмыс істейтін көрінеді.

«Қарабура» атауы тасыған суға салынатын қамыстан буылған бөгеттен шық-

қан ба, әлде әйгілі тама руынан шыққан қайраткер, абыз-Қарабура (ХI-ХII ғ.ғ.) 

есімімен байланысты ма? Біздіңше соңғысы дұрыс сияқты. Өйткені, 2001 жылы 

М.  Жолдасбеков,  Қ.  Салғараұлы,  А.  Сейдімбектер-дің  авторлығымен  шыққан 

«Елтұтқа» кітабында мынадай жолдар бар:

«Әсіресе,  Сыр  бойындағы    Жент  сияқты  іргелі  қалада  исламдық  наным-

сенімге бой ұсынған Салжұқтар мен тәңірлік наным-сенімді тәу еткен Қыпшақ-

Қимақ  одағының  арасындағы  қанды  қақтығыстар  тұсында  Қарабураның 

басалқылық ықпалы айқын байқалып отырады» (54 б.) Егер осы болжам дұрыс 

десек, онда мұндай жер атауын сақтап қана қоймай, сол маңайды зерттей түсу 

қажет те тәрізді.

Міне,  біздің  балалық  шағымыздың  куәсі  болған  жерлердің  есімізде  қалған 

атаулары осындай. Бірақ қазір бұлардың бір де біреуі жоқ, тіпті болмағандай. 

Өйткені  ел  жоқ,  сумен  бірге  үдере  көшіп  жоқ  болған,  тарыдай  шашырап, 

Қазақстанның әр жеріне сіңіп кеткен.

Енді осы қойылған атаулардың тілдік сипатына келер болсақ, ерекше оғаш 

көрінер  ештеңе  байқалмайды.  Өйткені  Қазақстанның  қай  түкпіріне  болсын, 

қазақтардың жер-суға ат қоюында ортақ заңдылық бар.

Ол: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет