Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет89/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

біріншіден, жердің сыртқы тұлғасына және оны басқа нәрсеге ұқсату бой-

ынша атау (Сұлу, Биіктеу, Ұзынқайыр, Қосшоқы, Жалпақ, Дамбал, Қыземшек); 



екіншіден,  сол  жердің  өсетін  шөбі  мен  аңына,  т.б.  байланысты  атау.  Бұл 

негізінен-лы/-лі,-ды,/-ді;-ты/-ті жұрнағы арқылы жасалған (Ұялы, Қосшегенді, 



Орайлы ұсыныс


90

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Түлкілі, Кендірлі, Селеулі, Сексеуілді, т.б.); 



үшіншіден, адам атымен атау-бұл 

сирек кездеседі (Жанқожа, Көкіріп-Кукарев, Меншік-Меншиков, Сиық ата, т.б.).

Міне, осы ерекшеліктерге сай, жоғарыдағы атауларға ұқсас, тіпті бірдей атау-

ларды Қазақстанның кез-келген жерінен кездестіруге болады. Алайда, белгілі бір 

дәуірлерде белгілі бір ұрпақ туғызған атаулардың мәңгілікке жоғалмауы дұрыс 

болар еді. Оның әлеуметтік қана емес, тәрбиелік те мәні зор. Бұл, әсіресе, қазіргі 

егемендік алып, тілдің мемлекеттігін ту етіп көтерген заманда маңызды. Қазір 

бұрын  жоғалған,  ауысқан  атаулардың  талайы  қалыпқа  келіп,  ұрпақ  игілігіне 

айналуда. Сондай-ақ бір жақсы мүмкіндіктер Аралдың шығыс жағалауына да 

келер-ау деген үміт бар. Болмаған жағдайдың өзінде де, есте қалған ескерімді 

сөздер арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп жатары сөзсіз.

Арал маңындағы жер-су атауларының жоғалуы-Қазақстан тарихындағы бір 

ғана мысал. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұрпақ санасынан мәңгіге өшкен немесе 

өшуге айналған тарихи мекендердің атаулары қаншама екенін айтудың өзі қиын.

Егер  біз  жер-су  атаулары  ел,  халық  тарихымен  тығыз  байланысты  деп 

түсінер болсақ, әлбетте олардың барынша молырақ сақталуына күш салуымыз 

керек. Бұл жолда мынадай бірлесіп атқарар шаралар қажет деп есептейміз; 1. 

Қазақстанның әр түрлі карталарын (тарихи, жағырафиялық, саяси, әлеуметтік, 

т.б.) шығаруға және олардың еліміздің барлық оқу орындары мен мекемелерінен 

орын  алуына  мүмкіншілік  жасалуы  керек.  Себебі,  шынын  айту  керек,  соңғы 

20-30 жыл көлемінде оқу орындарымызда карталардың аз қолданылуы жастар 

тәрбиесінде  де  кері  әсер  еткені  белгілі.  Бұл  іске  ендігі  жерде  ҚР  Білім  және 

ғылым министрлігі бел шеше кірісуі қажет-ақ, ал Тіл комитеті олардың қазақша 

дұрыс шығуына, әсіресе ондағы жер-су атауларының тарихи жағынан ескіше де, 

жаңаша да берілуіне бас-көз болғаны дұрыс болар еді. Бұл мәселеде облыстық 

тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен оның аудандық бөлімшелерінің атқарар 

жұмысы басты орын алады. Өйткені, әр ауданда өз аймағындағы ескі атаулар-

ды қалпына келтіріп, олардың жойылып кетпеуіне қамқоршы болатын осы тіл 

жанашырлары болуға тиіс. Карта жасауға да материал жинап, көмек көрсетер, 

мұрындық болатын осы бөлімдегі азаматтар.

2.Еліміздің білім ордаларында жер-су атауларының оқытылуына аса зор мән 

берілуі қажет. Жер-су атаулары кейбір жеке пәндерге (мысалы, тарих, жағырафия, 

қазақ тілі) ғана қатысты емес, олар туралы кез-келген мұғалім не оқытушының 

жер-су  атаулары  жөнінде  жан-жақты  мол  мәлімет  «тарихы,  әлеуметтік-саяси 

мәні, т.б.) білгені және оны оқушыларға тәптіштеп түсіндіріп отырғаны абзал.

3.Жер-су атауларын сақтап қалудың елге, туған жерге деген сүйіспеншілікті, 

ұлттық патриотизмді тәрбиелеуде мәні зор. Осы ыңғайда ата-аналардың орны 

айрықша.  Әр  ата-ана  өз  балаларына,  немере-шөберелеріне  туған  жерінің  аты, 

оның  шығу  тарихы,  ол  жердің  халқының  әлеуметтік  жағына  қандай  әсері 

Орайлы ұсыныс



91

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

болғандығы,  елге  белгілі  қандай  кісілер  шыққандығы  жөнінде  мәлімет  беріп 

отырса  нұр  үстіне  нұр.  Қазіргі  ата-ана-жоғары  білімді,  жан-жақты  азамат. 

Сондықтан олар ұрпақ тәрбиесіне де немқұрайлы қарай алмайды. Нарықтық за-

ман екен деп, тек соның ғана қыры мен сырын, ақша табудың ғана жолын үйретіп 

қана қоймай, балаларға рухани тәрбие беру де әр отбасының міндеті болуға тиіс.

Қорыта  айтқанда,  жер-суымыздың  атын  өшірмей,  оларды  барынша  сақтап 

қалу, ұрпақ игілігіне айналдыру-баршамыздың ісіміз.




92

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Ербол Тілешов

Ш.Шаяхметов атындығы тілдерді дамытудың

республикалық үйлестіру­әдістемелік

орталығы директоры,

филология ғылымдарының кандидаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет