1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


 Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата01.05.2020
өлшемі391,88 Kb.
#65275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Диана

5. Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі 

  

1.                  Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі 



2.                  Өндірісті  метрологиялық  қамтамасыз  етуде  орындалатын 

жұмыстар 

  

Өндірісті  әзірлеуді  метрологиялық  қамтамасыз  ету  деп  өндірістің  қажетті 



бұйымдармен,  материалдар,  шикізаттар  және  құрал  жабдықтармен, 

технологиялық 

процесті 

ұйымдастыру-технологиялық 

шаралардың 

кешенімен қамтамасыз етілуін айтады. 

Мұндай  қамтамасыз  етудің  нормативтік  негізі  болып  мемлекеттік  және 

салалық  стандарттар,  кәсіпорындардың  ғылыми  техникалық,  ұйымдастыру 

әдістемелік  және  жеке  жағдайларға  арналған  нұсқау  өндірістік  құжаттар 

саналады. 

Өндірісті  метрологиялық  қамтамасыз  ету  жұмыстары  кәсіпорынның 

конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері  өнім өндіру 

туралы  алғашқы  құжаттарды  алған  мерзімнен  бастап  жүргізіледі.  Бұл 

жұмыстың  ұйымдастырылуы  мен  басталуы  туралы  құжаттарды  салалық 

стандарттар  белгілейді.  Метрологиялық  қамтамасыз  ету  процесіне 

мемлекеттік  және  ведомствалық  метрологиялық  қызмет  органдары 

басшылық етеді. 



 Өндірісті 

әзірлеуді  метрологиялық  қамтамасыз  етудің  жоспарын 

кәсіпорынның  метрологиялық  қызметі  немесе  метрологиялық  қызметпен 

келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. 

Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді. 

 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады: 

1.         өнімнің 

сапасын  анықтау  үшін  қолданылатын  өлшемдердің 

нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал 

жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу. 

2.         өлшеу 

жүргізуді 

өлшем  дәлдігін 

сақтайтын, 

жетілдірілген 

әдістемелермен қамтамасыз ету. 

3.         өлшеу  құралдары  мен  өлшеу  әдістерінің  дұрыс  түрлерін  қолдану 

туралы  ұсыныстар  жасау.  Өндірісті  стандартталған  немесе  қажет  болған 

жағдайда  стандартталмаған  өлшеу  құралдары  мен  өлшеу  нәтижелерін 

дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету. 

4.         өлшеу құралдарын стандарттау. 

5.         өлшеу  жүргізудің  нормативтік  техникалық  құжаттарға  сай  болуын 

қамтамасыз ету. 

6.         өндіріс  қызметкерлері  мен  жұмысшыларын  өлшеу  жүргізуге  өлшеу 

құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет