«Қылмыснама» пәнің оқыту барысында негізгі мәселелерді мыналар
деп санауға болады:
- құқық қорғау органдарында кәсіби жұмыс атқару үшін студенттерге
керекті білімдерді, әдістерді беру;
- студенттерді қылмыснама түсінігімен, пәнімен және әдістерімен
таныстыру;
- студенттерді қылмыскерліктің негізгі себептерін,оның жеке түрлерінің,
нақты қылмыстың себептерін және шарттарын айыра білуді үйрету.
«Қылмыснама» пәні оқу нәтижесінде студенттің мынаны білуі керек:
- қылмыснама ғылымының пайда болу көздерін;
- қылмыснама пәнінің мазмұның құрайтын негізгі элементтерін;
- қылмыснама ғылымының әдістемелік негізін;
- қылмыскерлікті болжау сұрақтары;
- қылмыскерліктің жекелеген түрлеріне және топтарына
криминалогиялық мінездеме;
- қылмыснаманың негізгі түсініктері мен категорияларын.
Алынған біліммен студенттер мыналармен қолдана білуі керек:
- қылмыскерлікпен басқа да құқық бұзушылықтар туралы ақпараттарға
анализ жасау:
- криминалогиялық талдаудың территориясын немесе объектісін
анықтауда криминалогиялық жағдайға баға беруді;
- қылмысты болдырмауға шаралар қолдану жасалған қылмысты анықтау,
қылмыскерді табу, анықтауды;
- қылмыскерге жаза мөлшерін дұрыс анықтауды;
- оларды жеке тәрбиелеу үшін дұрыс нәтижелі жолдарын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |