Естігеннен Басқарма: біздің мырзалар күннен күнге батыр болып бара жатқанын байқадыңыз ба?
Қайтсын, заман солай ғой?!
ОПАТ Павлодар үйезі Алтыбай болысының қазағы мұғалім Ысқақ Керуенбай баласы опат
болды. Марқұм ел ішінен медіресе салып, бала оқытып, халыққа пайдасы тиіп тұр еді. Ақ
жүректігі де бар еді. Енді тек Алла тағала иманын жолдас қылып, қалғандарына береке
берсін.
F. М. ТИДІ МЕ ЕКЕН? Өткен 1917 жылы айт намазында өзімнен 10 сом қосып, халықтан ақша жинап, 120 сомды
Құлжаға Сыдық Юашев деген кісіге босқын қазақ-қырғыздарға тапсырыңыз деп жіберіп
едім. Квитанциям бар және Жаркентке бір көнерек камзол, бір бөрік, 6 сом расход қылып,
жіберіп едім, мұның да квитанциясы бар. Осы жіберген нәрсе ақшаларымыз орнына тиді
ме, жоқ па хабар білінбеді. Сол жіберген кісілеріміз газет арқылы білдірсе екен.
Осы өткен февраль ішінде екі кісінің федиясынан түскен 450 сомды «Қазақ»
басқармасына жіберіп едік. «Қазақ» басқармасының жабылған кезінде барса керек, мұнан
да хабар білсек екен. 350 сом Бектібай Баянбай баласының федиясынан, 100 сом
Дүйсембек Жұматбек баласының федиясынан түсіп еді. Ақмола облысы Құланөтпес
болысының қазақтары. Бұл ақшалардың да квитанциясы бар. Енді босқын қазақ-қырғызға
деген ақшаны қайда жібереміз?