149
Барлығы: 1054 сом 50.
Сөйтіп, былтыр алғашқы кезде бір шығатын нөмері 327 сом 65 тиын еді. Осы күні 1054
сом 50 тиын болып тұр.
Былтырғы есеп бойынша айына төрт шыққанда «Сарыарқаның» бір жылда шығатын 48
нөмері 14 мың 727 сом 20 тиын болмақ еді. Бұған басқарма тұратын үйдің пәтері, отыны,
шамы, өзге шығындарын қосқанда 31 мың алты жүз дана шығатын «Сарыарқаның»
алушылардан түскен ақшасы апыл-тапыл жетпек еді. Бірақ қымбатшылық өсе-өсе, осы
күнде шығатын бір нөмері 1 мың 54 сом, 50 тиын түсіп тұр. «Сарыарқа» жетісіне екі
шығатын болды. Айына 8 шыққанда жылына 96 нөмер таралмақ. Бір нөмері жаңа есепше
1 мың 54 сом 50 тиын болғанда, 96 нөмер 101 мың 272 сом болады. Былтырғы есеппен
осы күнгі есепті салыстырғанда газеттің бағасы 6 есе көбею керек. Жұмыскер ақысы болса
да, қағаз газет жіберу бағасы болса да бір күнде қымбаттап ыршып түсіп отырған жоқ.
Қымбатшылық әлі өсуде. Аяғы жерге тиетін емес.
Бұрыннан жиналған қоры жоқ газетіміз дүниеге былтыр келген жас газет. Сондықтан
керекті жабдықтарын арзанында алып қалуға қолымызда пұл болмады. Барынша
алғанымыз көпке бармай, сарқылып, тақылдады да отырды.
Өзін-өзіне жалғап, жыл шығарып келеміз. Енді газетіміздің бағасын бұрынғыша
қалдыруға шыдай алатын емеспіз. Алты Алаштың анасындай болған «Қазақ» болса
жабылып қалған. Егіздің сыңары «Сарыарқаның» бағасын көтерсек, қымбатсынып алушы
азаятынын білеміз. Сонда да шығарамыз.
Пайда да, зиян да көрмей «Сарыарқаны» шығарып отырсақ, жылдығы — 28 сом; жарты
жылдығы — 15 сом; үш айлығы — 8 сом болмақ.
Әр жердегі өкілдеріміз, өз бетімен газет алушылар, жаңадан жазылушылар осы жаңа
бағамен жіберулерін өтінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: