2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет177/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Россия хабары 
ОДАҚТАСТАРҒА НОТА 
Англия, Франция, Америка һәм Жапонияның елшілеріне Совет Хүкіметі нота қойып отыр. 
Сыртқы іс халық комиссарының орынбасары  Мәскеудегі  Англия елшісіне мынадай нота 
ұсынған:  біздің Сібір  советіне қастық  қылу үшін Англия,  Франция, Америка өкілдерінің 
Владивостокте  жасаған  документтері  мәлім  болды.  Және  осы  айтылған  мемлекеттердің 
елшілері  Пекинде  (Қытай  астанасы)  өзін-өзі  «Сібір  хүкіметі»  деп  жүрген  біздің 
жауымызбен де қатынасы барлығы білінді. Міне, осы туралы жасалған һәм әшкере болған 
документтерді жіберіп отырмын және сізден осы хабарды Англия хүкіметіне жеткізуіңізді 
өтінемін. Осы айтылған дәлелдер бойынша Россия хүкіметі Англия хүкіметінен сұрайды: 
1. Мүмкін қадар кешіктірмей Англия Владивостоктағы консул өкілін еліне шақырып алса 
екен; 
2. Пекиндегі Англия миссиясына қастық жасаған өкілін тезірек тексеріп, зерттесе екен; 
3. Еш күдіксіз, жасырмай, Англия хүкіметі Россия Совет Республикасына қастық, достығы 
қай  түрде  екенін  білдірсе  екен  және  Англияның  әрбір  адамдары  Россияның  ішкі 
жұмысына көлденең түсе беретін жөнін ашық айтса екен. 


150 
 
Осы сықылды нотаны Франция, Америка өкілдерінің алдына да салып отыр. 
Мәскеудегі Жапон елшісіне халық комиссарының орынбасары соңғы нотаны қойып отыр. 
Жапонияның консул өкілдері һәм басқа да адамдары Россияға қастық жасаған істері һәм 
документтері жария болған себепті Жапония хүкіметіне мына сөзді жеткізуіңізді өтінемін: 
әлденеше  қабат  Петроградта  һәм  Мәскеуде  болған  Жапонияның  елшілері  Жапония 
Россияның  ішкі  жұмысына  қол  сұқпайды  деп  сендіріп  еді.  Мәскеуде  Жапония  консулы 
Синтару  да  осыны  айтып  еді.  Ол  болмады.  Уағданы  бұзып,  Россияның  ішкі  жұмысына 
қатысып,  бостандық  дұшпаны  контрреволюционерлерімізбен  қол  ұстасып,  әмпейлесіп, 
өзімізбен соғысқан бірнеше көп адамдарын туралы өкілдеріңе неше қабат айтып едік. Ең 
соңғы  кезде  біздің  нағыз  жауымыз  жасауыл  Симоновтың  жасағының  ішінде  сендердің 
зеңбіректі  әскерлеріңнің,  қару-жарақтарыңның  жүргенін  де  айтып,  ескертіп  едік.  Және 
Владивостоктағы  Жапония  консулы  біздің  революционный  соттың  жұмысына  кірісіп, 
қиқарлық қылғанын да құлақтарыңа салып едік. Енді әшкере болған дәлелдерге қарағанда 
Жапония  өкілдері  Россия  хүкіметіне  қастық  жасағандығы  сайрап  көрініп  отыр.  Сол 
себепті Жапония хүкіметінен сұраймын: Россия Республикасына не көңілі барлығын айтса 
екен.  Біздің  бостандық  жауларымызды  қолтықтап,  бізбен  жауласпақшы  ма  екен,  жоқ 
сұғанақтық қылып жүрген өкілдерін, адамдарын тексеріп, тиып, бір тәртіпке сала ма екен? 
* * * * * * 
Эсер  (социалист  революционер)  партиясының  сол  қанаты  большевиктермен  әдістес, 
амалдас екені газет оқушыларға белгілі. 
Совет хүкіметінің жасаған бітімін Россияға ауыр санап, эсер партиясы кіндік хүкіметтегі 
азаматтарын  қайтарып  алғанын  газетімізде  жазған  едік.  Апрельдің  басында  болған  Эсер 
партиясының  сол  қанатының  сиезі  бас  адамдарының  шыққанын  дұрыс  тапқан.  Және 
мұнан былай да совет хүкіметімен бірлесіп қызмет қылмасқа қаулы қылысқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет