75
«Қазақтың» соңғы жүретін жолы халыққа болып жатқан өзгерістен хабар беру, заманына
қарай амал қылуға жол көрсету, сасқанда алдынан шығып жәрдем берудің маңайында ғана
болашақ» дейді.
«Қазақты» енді шығарып отырған Fабдалхамит Жүндібаев жас учительдердің бірі болса
керек. Ой-пікірі «Қазақтың» бұрынғы жолында жүрген жастың бірі болса керек. Ахмет,
Міржақып Орынбордан кетерде басқа жолдастарын онда қалдырып, қолдарыңнан келсе
«Қазақтың» дағдылы жолын, бағытын өзгертуге көнбеңдер деп кеткен екен. Жоғарғы
сөзден көріп отырмыз, елден ақсақал-азаматтар келіп, ондағы көксоққан өтірік
большевиктермен сөйлесіп, «Қазақты» тоқтатпай, уақытша шығара тұруды Ғабдалхамитке
тапсырған көрінеді.
«Қазақ» бес жылдық ғұмырында қандай қиындық көрсе де халқын адастыруға жоқ;
көздеген мақсұтты жолынан тайған жоқ. Енді 6-жылында аз күн тізгіні басқа
шығарушының қолына беріліп отыр.
«Қазақтың» осы соңғы келген 261 нөмерінде «Қазақтың» ескі қызметкерлерінен Жанұзақ
Жәнібекұлы жазады:
«Қазақ» газеті 2 февральда бес жасқа толып, алтыға қарай аяқ басты.
Осы бес жылдық өмірінің ішінде «Қазақ» Алаштың намысына тыртысып, жоғын жоқтап,
ескі хүкімет заманында басынан талай қиын-қыстау істерді өткізді. Оның түрмесінен
қорықпады, штрафынан тауы шағылмады.
Россияда бостандық болғаннан бері өрісі кеңіп, көңіліне алғанын айтты, істеді.
Осы күні өзін туғаннан бері бағып-қаққан иелері шетке кеткенге көңілі жабырқап, иығы
түсіп тұрған жайы бар.
Жылдағы дағдысы бойынша «Қазақтың» алтыға аяқ басқанына қуанып, хат яки телеграм
арқылы құтты болсын айтып, көңіл білдірген азаматтарға тәңірі жарылқасын айтамыз».
«Қазақтың» басына жетімдік түсіп, жабырқап тұрған жайы болса да, 6 жасқа аяқ
басқанына қуанамыз, құтты болсын айтамыз. Нәсіп болса кешікпей иелерің қолдарына
алар, маңдайыңнан сипап, бұрынғыдан артық тәрбиелер. Алты жасар жас қазақ ержетіп,
азамат болып, әлі-ақ алты Алашты аралар, Алаш аман болса, азамат жетім болмасын.
Достарыңызбен бөлісу: