Мұқашев Қ. М. 1, Алиева М. Е



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата07.05.2020
өлшемі1,04 Mb.
#66407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
563-1-1876-1-10-20181027

Ключевые слова: дидактика обучения, наглядность, атомные частицы, волны де Бройля, 

лабораторная установка. 



Кіріспе  

Н.  Бордың  теориясы  сутек  атомының  спек-

трін  түсіндіре  алғанымен,  ішкі  қайшылықта-

рына  байланысты  көп  электронды  атомдардың 

спектрін  сипаттауға  жарамсыз  болып  шықты. 

1927  ж.  Луи  де  Бройль  толқындық  қасиет  тек 

электрмагниттік процестерге ғана емес, тыныш-

тық күйдегі  массасы m ≠ 0 қозғалыстағы  жыл-

дамдығы v болатын барлық бөлшектерге де кор-

пускулалық – толқындық дуализм қасиеті ортақ 

болуы ықтимал деген пікір білдірді. Атом құры-

лымын  зерттеу  барысындағы  ізденістердің 

нəтижесінде  оның  құрамындағы  электрондар-

дың жəне атом шығаратын фотондардың физи-

калық  сипаты  макроөлшемдік  шамадағы  дене-

лерді  сипаттауға  арналған  классикалық  физи-

каның  дəстүрлі  заңдылықтарына  қайшы  келе-

тіндігі белгілі болды. Атом электрондық қабық-

шасының  дискретті  энергетикалық  деңгейле-

рінің  болуын,  деңгейлер  арасындағы  тасымал-

данудың  жəне  деңгейлердің  толтырылу  заң-

дылықтарын  классикалық  механикадан  белгілі 

ұғымдарға  жəне  электромагнетизм  заңдарына 

сүйене  отырып  түсіндіру  мүмкін  емес  еді. 

Сондықтан  атомдық  деңгейдегі  микробөлшек-

тердің толқындық қасиеттерінің ашылуы квант-

тық  механиканың  ғылым  болып  қалыптасуы-

ның  нəтижесі  деп  санауға  толық  негіз  бар.  Бұ-

ған  дейін  физикада  жарық  сəулесінің  тек  элек-

тромагниттік  толқын  түріндегі  табиғаты  үстем 

болып келгені белгілі. Кейін М. Планк, А. Эйн-

штейн  жəне  басқалардың  еңбектерінің  арқа-

сында  жарық  сəулесінің  корпускулалық – фо-

тондық қасиеттері ашылды (Анықтамафотон 



– тек  жарық  жылдамдығымен  қозғалыста

ғана  өмір  сүре  алатын,  массасы  мен  электр

заряды  жоқ,  шығу  табиғаты  əртүрлі  элек-

тромагниттік сəулелердің (соның ішінде – жа-

рық сəулесінің) кванты ретінде белгілі бөлшек.

Кванттық  бөлшек  болғандықтан,  фотонға

корпускулалық-толқындық дуализм тəн қасиет.

Фотон  –  ғалам  кеңістігінде  аса  көп  тараған

бөлшек  жəне  сол  кеңістікте  кездесетін  əрбір

нуклонға 2 · 10

10

 фотон сəйкес келеді екен).

Атомдық  микробөлшектердің  толқындық 

қасиеттері  туралы  алғашқы  ұғымды  француз 

физигі Луи де Бройль бастапқыда гипотеза тү-

рінде ұсынды. Бұған дейін электрон классика-

лық  динамиканың  заңдарына  бағынатын, 

қарапайым  электр  заряды  бар  материалдық 

нүкте  түрінде  сипатталып  келген  еді.  Жарық 

сəулесінің  денелермен  əсерлесуі  нəтижесінде 

орын  алатын  дифракциялық  немесе  интерфе-

ренциялық  құбылыстарға  ұқсас  электронның 

қасиеттері  ешқашан  байқалған  емес.  Ендеше, 

электронға  толқындық  қасиеттердің  тəн 

болуы  да  мүмкін  емес  деп  саналатын.  Тек 

кванттық  механиканың  дамуының  нəти-

жесінде  қозғалыстағы  атомдық  микро-

бөлшектердің  барлығына  толқындық  қасиет-

тің  тиесілі  болу  мүмкіндігі  туралы  ұғым 

гипотеза дəрежесінен іс жүзінде дəлелденетін 

деңгейге көтерілді. 




ISSN 1563-0315

Recent Contributions to Physics. №4 (63). 2017

63

Мұқашев Қ.М., Алиева М.Е.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет