120
ішіне барып жатқанды жақсы көреді.
(Ш.А.) Әнеугүні Шүйгінсуда
Жігітек үстіне баса қонған қақтығыстан бері қарай Базаралы жағынан
жамандық күткен кісінің бірі осы Әзімбай болған.
(М.Ә.) Қалалы
жердің молдасы да мәдениетті болады екен-ау деп ой түйді де
Нығыметпен қатарласты. Беттері халықтың жиын жері базар.
(Т.К.)
Сейдахан болыс Құрбан ұстаны әулетімен осы Шеңгелдіге асырып
көшірген.
(А.Тоқм.) Қорықтан шыққалы таңертеңнен бері
бөгелместен тартқан үш салт атты аттарын қан сорпа қылған
қалпында кешкі екінті кезінде Көлқайнардағы Құнанбай аулына
Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді.
(М.Ә.)
Ұзақ түн бойында ас пен сауық кезектесіп ауысып отырған кездерде
әрбір әредікте домбырашы Ақылбай әнші-күйші Әлмағанбеттер
қонақ тартып өткен полька-мазурка сияқты билердің кейбір
қайырмаларын өздерінің домбырасына ақырындатып іліп тартып
ұғып қалып отырғандарын да байқатып отырды.
(М.Ә.) Шоқан
Жиренше шешен аңыздарын «ноғайлы философы» Асанқайғы
толғауларын Әз Жәнібек сөздерін осы ноғайлы-қазақ дәуірінде туған
деп топшылайды.
(Р.С.) Жұмыр шал осы ауылдың қасына көшіп
келген соң Ысқақтың осы кесір кердең Мәніке бұл екі баланың атын
мазақ еткен.
(М.Ә.)
188-жаттығу. Төмендегі қосарлы және қосалқы айқындауыштарды
қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар.
Қобыланды батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, ғалым-ұстаз
Нұржамал Оралбай, Ақан сері, Біржал сал, Төле би, би-шешендер,
Алпамыс батыр, телефон-автомат, Бұқар жырау, Жиренше шешен,
әнші-композитор.
Достарыңызбен бөлісу: