125
бар. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы
осылай.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
ІІ. Сөк – қазақ халқының ертеден дайындап ішіп-жеп келе жатқан
тағамының бірі. Ол тарыдан жасалады. Ақталмаған тарыны
қара
тары дейді. Бұдан сөк дайындау үшін қара тарыны әбден тазалап
үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны
қайта алып шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей қазанға салып
қуырып былғауышпен күйдірмей араластырып отырады. Ұстауға
ыңғайлы бір жақ басына шүберек оралған ағашты
былғауыш дейді.
Қуырылған тары піседі. Оны ыдысқа салып алады да түйеді. Түюге
келі мен келсап пайдаланылады. Қуырылған тары осыған құйылады
да оны келсаппен соғады. Түйілген тарының қауызы уатылып
ішіндегі дәні бөлінеді. Мұны
тары түю дейді. Осы кезде оны
қайтадан қотарып алып қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны
қаралау
дейді. Қаралап болғаннан кейін оны қайтадан келіге салып түйеді.
Мұны
ақтау дейді. Ақталғаннан кейін оны
сөк деп атайды. Сөктен
түрлі
талқан жарма тары көже сүт көже төп бөртпе тағы басқа
дәмді ұлттық тағамдар жасалады. Сөкті сүтке қаймаққа майға
араластырып жейді. Балалар жастар сөкті құрғақтай да жей береді.
Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады оны
майсөк деп атайды.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
Достарыңызбен бөлісу: