138
– қара халықты оқыту үшін мұғалімдердің жоғарғы курстағы оқитын
сабақтары: 1 Халыққа қысқаша лекция, сөйлеудің жөні, жақсы
кітаптар, газет-журналдар оқып, түсіндірудің жөні. 2 Ел арасында
кітапхана ашудың жөні. 3 Театр жасаудың жөні һәм басқалар болу
керек.
М.Ә.
ІІ.
Ол окказионалдық әдеттен тыс, сол контекстегі ауыс мағына,
көп мағыналық, метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, теңеу,
салыстыру, гипербола сияқты түрлі көркемдік тәсілдер арқылы
беріледі.
(С.И.) Қара шұға шалбары да ескінің жұрнағы ғой, қоңыр
пенжегі де әлі сыны кете қойған жоқ, қайырма жаға тақталы
көйлегіне қара шұбар галстук те тағып қойыпты.
(Ж.А.) Әрі өз
басының, әрі досының пайдасы бірдей табылған соң адам шын дос
боп жүреді әлде «шын ұлтшыл», «шын әлеуметшілдер» де сондай ма
екен?
(Ж.А.). ХҮ-ХҮІ ғасырлар – қазақ ру-тайпаларының өз алдына
халық народность болып құрала бастаған дәуірлері.
(Р.С.) – Жә,
біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды
іштің Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын. Енді қайтыңдар.
Малдарыңа, шаруаңа жөнел, түге! – деді.
(М.Ә.) Қазақ әдебиетінің
сын мәселесінде біреуді «оңшыл» деп Садуақасов, Мұстанбаев т.б.,
біреуді «солшыл» деп Сәкен, Бәйділдин, мен т.б., енді біреулерді
«байшылдар» деп Мұхтар, Мағжан т.б. айыптайтын.
(С.М.) Осылай
жүрген Жанпейіс бір сәтте орыстың сұлу қызына Жанпейістің өзі де
сымбатты, бірсыдырғы кескінді жігіт еді ғашық болады.
(С.М.)
Газеттің шығарушысы выпускающий боп негізі шалақазақ Кәрім
Балтабаев дейтін жолдас қызмет атқарады.
(С.М.) Бірақ іштей қара
жылан Қарагөз бұл сезіміне осындай ат қойған өмірінде бұл күнге
шейін болмаған асаулықпен жүз толғанып иіріледі...
(М.Ә.) Сенен
«мынандайын» шынашағын шошайтып аяған құдайды да тәйірі
алсын!
(Ж.А.)
Достарыңызбен бөлісу: