194-жаттығу. Мәтіндегі бірыңғай мүшелердің арасындағы үтірдің қойылу
мәнін талдап көрсетіңіздер.
Енді тостақты да, табақты да, қасықты да, сырғаны да, кірленді де
– бәрін шетінен алюминнен долбарлай береді, қайда барма, бәрі сол
(Ш.А.). Кеңесе келе Абай Тобықтының өзі ән шығара қоймайтынын,
әннің көбін сол Қарқаралы, Баян, Қараөткелден алатынын және сол
алғанын да оншалық келістіре алмай, бұрып, ырғақсыз ғып әкететінін
айтты (М.Ә.). Сазарған түсінен не көнгендігі, не қарсылығы
байқалмайды. (Ғ.М.) Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайтып,
буырқанып жатыр екен. (С.М.) Ел адамдары да, құрбы-құрдастары да
Сәкенге ілтипат білдіріп, оның аузынан шыққан сөзге мән бере
қарайтын боп қалыпты. (Т.К.) Сүп-сүйкімді уылжыған жігітке
үлкендердің де, қыз-келіншектердің де көзі түскіш-ақ емес пе?! (Т.К.)
Бұлар ертеден осы қалаға орналасып, жаяу кәсіппен күн көріп
отырған адамдар: әйелдері тон тігеді, еркектері етік тігеді, ойық
тазалайды, әркімнің отын-шөбін тасып береді. (Ғ.Мүс.) Әрі шабыт
шалған, әрі күн шұғыласы шалған, шапшыған жігіт Абай көзіне ақ
мәрмәрдан ойылған, әсем біткен, тас тұлғадай көрініп еді. (М.Ә.) Осы
кезде домбыраны Мұқа алды да, үй ішін тегіс елең еткізіп,
сергітердей боп, шырқап кетті. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |