197-жаттығу. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыздар,
жазылу ережесін түсіндіріңіздер.
І. Ірімшік сүттен жасалады. Сүтті қайнатып, оған қымыз, айран,
шұбат сияқты ащы іріткі қосып ірітеді. Іріген сүттен ірімшік түзіліп,
ол әбден қызарғанда бабымен қайнатады да сүзіп алып, табаққа,
дорбаға салып, кептіріп алады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік
өте дәмді болады. Ірімшік қыста да, жазда да жақсы сақталады.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
ІІ. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен
құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты», «тышты» деп ырым
жасайды және оны тыштырма деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер
ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
126
198-жаттығу. Қыстырма сөз, қаратпа сөз, бірыңғай және оңашаланған
мүшелері бар сөйлемдерді қатыстырып, шағын әңгіме жазыңыздар, тыныс
белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер.