53
болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. Артынан
аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде қызыл тастың
аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке қарай
шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан
қылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған
шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе
алмай асығып, қарбаласып қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге
шығып тоса алмай, қызыл тастың қия бетінде құйрығын шаншып,
керіп тұрып қалды. Майданға шығып, қызықтырып тұрған жерін
көрген қыран айналып, аспандап көтеріле берді. Аспандаған сайын
жынын шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта-қайта
түйіліп, көтеріліп, күші мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жерге
қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетін бұра
сала түлкіге қарай шаншыла жөнелді.
(М.Әуезов «Бүркіт аңшылығының суреттері»)
Достарыңызбен бөлісу: