93-жаттығу. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен
айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер.
Көзқарас, түкірік, әркім, көркем, ақ ала, он қап, ақ ешкі,
өнеркәсіп, Кеңесбаев, күрек, көбелек, ала кел, сарыкүйік, омыртқа,
құс жолы, қара қағаз, әрқашан, сиыр қора, Есжан, сәнқой, бес жыл,
жұмысшы, ақ аю, қара өлең, қоңырқаз, қоңырау, сары аяз.
94-жаттығу. Естілуінше жазылған өсімдік атауларын орфография заңы
бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер.
Айғабақ, бійеғарын, сұуғабақ, қойамбеде, айылғыйақ, байалыш,
қышшөп, доңұссырт, айагөз, ешкіғұйрұқ, жамаңғұлақ, жөтөлшәй,
запраңгүл, ійреккүл, ағжұусан, ійтшұуа, ағжүзгөн, кійігот, бұуұлдұқ,
көгнәр, айұуот, қарот, божжұусан, ағжүгөрү, ырайхаңгүл, ақпас,
сабыңгөк, ағмыйа, саңрауғұлақ, айрауұқ, ташшарған, балбырауұн,
ақпійдай, түйнөгөлөң, айылжұуа, қарөлөң, балғұурай, ійтмұрұн,
сұупыйаз, шәйжапрақ, ійтшеміс, інжүугүл.
Достарыңызбен бөлісу: |