Күләш Байсейітова
Күләш Байсейітова – ұлы әнші, қазақтың опера өнерінің негізін
салушылардың бірі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты.
Ол Қазақ музыка театрында жұмыс істей жүріп, қазақ, орыс және
шетел композиторларының, атап айтқанда: Е.Г. Брусиловскийдің
«Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» операларында Қыз Жібек,
Ақжүніс, Қадиша, М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсында Сара,
П.И. Чайковскийдің «Чио-Чио-Санында» Баттерфляйдың бейнелерін
жасады.
Күләш қазақ әдебиеті мен өнерінің 1936 жылы Мәскеуде өткен
онкүндігіне қатысып, КСРО халық әртісі атағын алды. Бар-жоғы 24-
ақ жастағы әнші үшін бұл зор мәртебе, абырой еді, әлі күнге дейін
мұндай жетістікке ешкім жетіп көрген жоқ.
Алматыда оның атында орталық көше және музыкалық мектеп-
интернат бар. Әнші тұрған үйге ескерткіш тақта қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |