ІІ БӨЛІМ
ПУНКТУАЦИЯ
Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік
Тыныс белгілері – адамның ойын дәл, нақты, түсінікті, тиянақты
етіп жеткізетін, жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Тыныс
белгілері туралы ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің
«punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған.
Қазақ тілінде төмендегідей тыныс белгілерінің түрлері
қолданылады.
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте
Сұрау
белгісі
Леп
белгісі
Көп
нүкте
Үтір
Нүктелі
үтір
Жақша
Қос
нүкте
Тырнақ
ша
Сызықша
Тыныс белгілері қойылатын орындарына қарай екіге бөлінеді:
1) Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері: нүкте, сұрау
белгісі, леп белгісі, көп нүкте.
2) Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері: үтір, нүктелі үтір,
жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша.
Достарыңызбен бөлісу: |