132-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, сөйлем соңына тиісті тыныс
белгілерін қойып, көшіріңіздер.
Адам атын ардақта
Әскербек әкесімен әзілдей сөйлесіп, күлімдеп жүреді Әкесі
Әлмен баласының көңілді жүргеніне мәз болады Бірақ бүгін көңіл
деген нәзік нәрсені күте білмей Әскербек әкесін ренжітіп алды Оқиға
ойда жоқта сөзбен шиеленісті Мектептен жақсы баға алып,
жайраңдап келген Әскербек әкесіне:
– Әлмен Әлменович, әдебиет сабағынан бес алғанымды
хабарлаймын – деді
Әншейінде танадай қара көздерін күлімдетіп, баласына елжірей
қарайтын, бұл жолы қалың қасты қабағын қарс жауып алды
– Балам, бойың менен биік бола бастағанға, ойың да биік бола ма
десем
– Құлдық ұрып, құлшылық етуге әзірмін, көке Не кінәм бар
– Әдептілік әкені құрметтеуден басталады
– Құрақ ұшып, құрмет көрсетіп тұрған жоқпын ба
– Мені «көке» деуші едің, енді тең құрбыңдай тергейтін
болыпсың «Ұрыс «сен» деген сөзден шығады» дейді халық
– Аты-жөніңізді толық айту да айып па
– Қазақ атам ұрпағын әрбір адамды құрметтей білуге үйретеді Ал
адамды құрметтеу үшін атын ардақтап, дәрежесін көтеріп, жасы мен
туыстық қатысына қарай ата, әже, апа, шеше, көке, тәте, жәке, аға,
ағатайым, нағашы, жиен, бөле деу керек
– Көке, кешіріңіз, шынында да, сый-құрмет көрсету осындай
ұсақ-түйектен басталады деп ойлаған жоқ едім
– Бұл рәсім ұсақ-түйек емес, ат тергеу – адамгершіліктің белгісі
– Ат тергеу келіндердің ғана міндеті емес пе
– Адамды өз атымен атамай, тіпті болмаса атының соңына
сыпайылап «еке» деген жұрнақты қосып айту – үлкен дәстүр
«Көкем», «Апам», «Ағатайым», «Атам» деген сөзді қосып айту –
сыпайылық Ол – халықтық дәстүр, мән қояр мәдениет белгісі
(«Халық тағылымы» кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |