Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет76/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

136-жаттығу. 
Сұраулы, 
лепті 
сөйлемдерді 
хабарлы 
сөйлемге 
айналдырыңыздар. 
Сонда  ана  Сегізбаевтар  мен  Қашқатаевтардың  айтқаны  дұрыс 
емес екенін Шора шынында сезбей ме? (Ш.А.) Адам баласына бір-ақ 
рет  берілетін  өмірді  қалай  ғана  дәті  барып  қия  алады?  (Ш.А.)  Әлгі 
ғаріп  қайғы-мұңын  кімге  барып  шағарын  білмей,  шыр  айналып, 
шырқырап  жүр,  селт  етіп,  оның  зарын  сезеді  деген  жан  болсашы! 
(Ш.А.)  Үш  бұзаулы  сиыр,  кер  құнажын,  екі  тайыншадан  басқа, 
шауқар  мен  көк  байталдан  басқа  мал  бар  ма?  (Ж.А.)  Жүністен  жаңа 
хат танып, үшкөлге барам деп жүргенде, мұндай күйге ұшырадым-ау! 
(Ж.А.)  Туғалы  ұзап  шықпаған,  бауырмал  әженің  бауырында  еркелеп 
өскен,  үлбіреген  балапан  жүректі  Қартқожа  қайтіп  сүймесін?  (Ж.А.) 
Туған  жердің  қадірін  туғалы  түзге  шықпаған  елдегі  адам  қайдан 
білсін?  (Ж.А.)  –  Ғылым  атынан  тағлым  айтады  десе,  топастыққа 


 
85 
топастық, жауыздыққа жамандық қоса түскені несі?! – деді. (М.Ә.) – 
Әттең,  шіркін  бала  шақ!  –  деген  Базаралының  өз  бетімен  айтқан 
арманды тынысы дәл Абайдың ішімен сырласудан туғандай. (М.Ә.) – 
Е,  ондағы  ұстазын  білмейсің  бе?  Үлгі  алатын  Қалдыбай  ғой!  –  деп, 
Кәкітай  тың  адамның  атын  атағанда,  көпшілік  сол  адамның  бәріне 
мәлім  күлкі  мінезін  еске  алды.  (М.Ә.)  –  Сол  қаланың  бар  көшесінде 
өткен  балалық  шағың  да  түспей  ме  есіңе?  –  деді  ол  шешесіне. 
(Ғ.Мүс.)  Оның  үстіне  орталықта  үйлері  бар,  бала-шаға,  кәрі-
құртаңдары бар емес пе? (Ғ.Мүс.) 
 
137-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдердің  тиісті  жеріне  нүкте  қойып, 
жаттығуды көшіріңіздер. Нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
Тобықты  ортасында  Құнанбай  айтты  деген  сөздердің  ішінде 
едәуір  ойшыл  адам  айтарлық  терең  сөздердің  мына  сияқтысы  бар:  1 
Адамның  қай  мінезі  өнері  болса,  сол  мінезі  айыбы  болады  2  Кісі 
айыбын айтпақтан оңай жоқ, өз айыбыңды өзің айтқаннан ауыр жоқ 3 
Өткен  істен  оңай  жоқ  4  Арымнан  жаным  садаға,  жанымнан  малым 
садаға  деген  сияқты  (М.Ә.)  Күні-түні  осылай  мақтау-мадақтаудың 
өзара шайқасы өтіп жатты («Ей, балам, жыршылар сөз қуып, бірімен 
бірі  жарыса  бастаса,  жырдың  да,  сөздің  де  құны  қашады  Ақырында 
олар  жыршыдан  жырдың  жауына  айналады»)  (Ш.А.)  Бәйділда 
(жігіттерге  қарамайды,  екі  көзі  Рәбиғаны  ішіп-жеп  барады)  Ертеден 
қара  кешке...  ертеден  қара  кешке...  есің  шығып...  есің  шығып... 
(Жолында  жатқан  домбыраны  есікке  қарай  лақтырады)  Домбыра, 
ойын-сауық...  Қыз  ойнақ...  Жынның  ойнағы...  (Жігіттер  жөнеледі) 
(Ж.А.)  Көзің  ауырса,  қолыңды  тый,  Ішің  ауырса,  аузыңды  тый 
(Мақал)  Мүсілім  Құдай  жеткізсе,  осы  сайлауда  болыс  болғанымды 
көрерсің (Ж.А.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет