Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет47/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122
Байланысты:
toymataev

Ғылыми ұжым.
Томас Кунның  тұжырымдамасында  негізгі ұғым  парадигма  емес, ғылым
ұжымы болып табылады. «Қалыпты ғылымның табиғаты» атты шығармасында
ол  ғылыми  ұжымның  іс-əрекетінің  өзгешелігін  парадигма  шеңберінде, яғни,
қалыпты ғылымның табиғатын сипаттайды. Осы ғылыми ұжым деген ұғымның
Т. Кунмен  енгізуі  шынайы деп  санаймыз. Оған  теориясы негізделеді. Ғылыми
ұжым  оның  теориясының  шеңберінде  ғылыми  іс-əрекеттің  логикалық
субъектісі  болып  ұсынылған. Т. Кунның  тұжырымдамасы  бойынша, ғалым
ғылыми  ұжыммен  қабылданған, білім  жиынтығымен  сипатталатын  жəне
ғылыми  мəселелерді  шешумен  ерекше  байқалатын, нақты  парадигманы
ұстанатын, тек ғылыми ұжымға қатысты болса ғана ғалым деп аталады.
Сөйтіп, Томас  Кун  ғылым  тарихнамасында, ғылым  тарихы - ол  идея
тарихы деп санайтын интерналистік немесе имманентік бағытқа қарсы шығып,
ғылыми ұжым атты  ұғым  арқылы  өз адам  тұжырымдамасын ұсынды. Ол оған
ғылымның дамуын  таза имманенттік талдаудан  тыс шығып, ғылым  дамуының
механизімін түсінуге жаңа мүмкіндік берді.
Парадигма, ғылыми  ұжым  жəне  қалыпты  ғылым  деген  ұғымдарға  назар
аударсақ, біз  түсінеміз, оның  тұжырымдамасы 40-50 жылдар  бұрын  пайда
болуы мүмкін емес. Ол тек «үлкен ғылымның» дамуымен, қызметтің ұжымдық
түрімен, еңбектің  бөлінуімен, яғни, ғалым  нақты  қызмет  атқарады  т.б. Осы
мағынада  Т. Кунның  тұжырымдамасы  өзіне  қазіргі  қоғамның  таңбасын
бастырған, ол  объективті  түрде  əлеуметтік  шарттардың  тек  ғылымның  дамуы
немесе  тоқтауына  əсер  етпей, сонымен  қатар, теорияның  ішкі, логикалық
құрылымына да ықпал жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет