Ғылым философиясының методологиялық негіздері Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы,
құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылыгы мен ғылыми
білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді.
Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясынсыз
«соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихынсыз «бос»»; Томас Кунның
пікірінше, ғылым философиясын ғылымға жақындату үшін оның тарихына
назар аудару қажет. Осы мəселені ол үш бағыттың аясында қарастырған:
1) тарих методологиялық жалпылау мəлімет береді;
2) тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
3) тарих методологтардың құрылыстарына коррекция жасап оларды
түзетеді.
Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң
оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы;
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық).
АҢЫЗ, МИФ – (грек.) - əлемнің, құдайлардың, батырлардың
пайда болуы жайлы ежелгі халықтардың ертегілері. Мифология –
аңыздар жинағы.
ФИЛОСОФИЯ – (грек.) - əлемге жəне əлемдегі адамның орнына
деген көзқарастардың жалпылама жүйесін қалыптастырады.
ДІН – (лат.) – табиғилықтан жоғары тұрған күштерге – құдайларға,
рухтарға, періштелерге жəне т.б. сену.