155
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес
(CERN) қабырғаларында Бүкілəлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны
əйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP
протоколын, HTML тілін жəне URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бəсекелестікке шыдай
алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы
қосылудың сəті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкілəлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы
əйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды,
енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми
қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады.
Осы жылы Бүкілəлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын
трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі
көзіне айналды, Бүкілəлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкілəлемдік
тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына
əсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкілəлемдік тор Интернет
түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді
(Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің
техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ
болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп əсерін
тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам
домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына
айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкілəлемдік Интернет Күнін 30
қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес,
сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар,
телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер жəне электр
желілері арқылы да байланысуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: