Қоғам жəне мəдениет
Мəдениет əлеуметтік жəне саяси институт ретінде
Қ
О
Ғ
А
М
Мəдениет субъектісі
Мəдениет - əлеуметтік біріктіруші
Нақты қоғамдастықтар жəне олардың мəдениеті
М
Ə
Д
Е
Н
И
Е
Т
Мəдениеттің əлеуметтік рөлі
Сонымен, қоғам - ұйымдасқан мемлекеттік қоғам болса, қоғамның
ұйымдастырушысы мемлекет болады. Бірақ қалай, не арқылы мемлекет
субмəдениеттерді бір бүтінге біріктіреді? Күш арқылы ма? Тарихтың көрсетуі
бойынша күшпен құрылған мемлекет алысқа бармайды. Сондықтан, əр түрлі
субмəдениеттерді біріктіретін басқа бір элемент болуға тиіс қой. Ол элемент -
мəдениет.
Мəдениет мемлекеттік тіл, идеология, білім жүйесі арқылы əлеуметтік
интегратор (біріктіруші) рөлін атқарады. Кез келген мемлекетте бүкіл қоғамға
бір мемлекеттік тіл болады. Қазақстандағы осы негіз мысал бола алады жəне
мемлекеттік тілден басқа мемлекетаралық қатынас тілі бар. Əрбір мемлекетте
өзінің иделогиясы болады, ол идеологияны үкімет барынша қолдайды жəне
кеңейтеді. Əрине сол мемлекеттің заңын орындайтын, азаматтарын
тəрбиелейтін білім жүйесі болады. Бірақ мұның бəрі – мəдениеттің элементтері.
Сонымен, мəдениет арқылы қоғамның интеграциясы (бірігуі) өтеді,
əлеуметтік мəдениет қаланады, топтық, жалпыадамзаттық, өзіндік сана-сезімі
қалыптасады деген сөз.
Ал, мəдениеттің өзі жанұя, мектеп жəне сол сияқты тағы басқа əлеуметтік
1
Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. - М., 1997. - 252 б.
144
институттар арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріле береді.
Мəдениеттің субъектілері – тұлға, топ, адамзат. Қоғамдық субъект деп
қоғамдық мəдениеттің жеке адамның тұлғалық мəдениеттің бір-біріне сіңуін
айтады.
Қауымдық тұтастық жеке тұлғалардың келісімге келіп, өз құқықтарын
ұжымдық бірлікке беруінен (қоғамдық келісім ілімі) тумайды. Қоғам неғұрлым
қарапайым болған сайын, оның жеке тұлғалары да бір-біріне ұқсастанады.
Керісінше, əлеуметтік жіктелу төмен деңгейде болғанда, адамдың қауымдасу
бітімдерінің арасында, тіпті, бір құрлықта үлкен алшақтық байқалады. Яғни,
мəдени өрлеудің нəтижесінде бір-бірімен тығыз қатынастарда болатын этностар
жақындасуда болғанымен, оларды құрастыратын тұлғаларда автономдық,
жекелік белгілер айқындала түседі. Мысалы, қазіргі Еуропаның халықтары түрі
жағынан бір-біріне ұқсас болса, Азияда үлкен алшақтық бар. Ұжымдасудың
типологиялық негізін еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі құрастырады.
Жеке тұлғаның дербестілік қалыптаспаған, қауымдық тұтастық басым
əлеуметтік бірлестігін сегментарлық қоғам деп атайды («у ішсең – руыңмен»).
Сегментарлық қоғамның негізін рулық-тайпалық қауымдастық құрастырған.
Дəстүрлі отандық əдебиетте адамзат дамуының осы кезеңіне əскери
демократияға ұқсас болды деп Энгельс берген анықтама қолданылғанымен,
кейінгі уақытта патриархат таптық құрылысқа көшу кезеңі – көршілік
қауымдастыққа өту кезеңі деген жиі қолданылады. Жерге қауымдық меншік
үстемдік еткен кезде рушылдық қоғам тарихи қажеттілік еді. Қоғамдық
бірлестік екі мақсатта болуы мүмкін: адамдар арасындағы ынтымақтастықты
арттыру жəне конфликт пен күш көрсетуге негізделген ұжымды сақтау.
Біріншісінің айқын белгілері: демократия, азаматтық қоғам, мүдделер бірлігі,
адамның құдіретін көтеру. Екіншісінің ең көрнекті түріне тап күресіне
негізделген социалистік қоғам жатады.
Қауымдық меншікті жеке меншік қалай алмастыратын болса, рулық
қоғамды өркениет солай алмастырады. Жеке меншік дегеніміз ұрлау да, қанау
да (Прудон мен Маркс) емес. Онсыз жеке тұлғаның дербестілігі, жеке еріктілігі
қалыптаса алмайды. Бұл, əрине, жалпы тарихи заңдылық.
Əлі күнге дейін мəдениет, сана, рух, əлеуметтік тұтастық қоршаған
ортаға, қауымдық болмыстың тіршілік тынысына байланысты дамып отырды
деген пікірлер кездеседі. Бұлай болған жағдайда мəдени тұлға енжар, сылбыр,
көнбіс, тарихи қуыршаққа айналып кетеді. Біз бұл жерде мəдени тұлға деп
тарихи-мəдени процестің субъектісі жəне оның ұжымдасу бітімдерін алып
отырмыз. Генетикалық-туыстық бірлік арқылы да, қарым-қатынастық
байланыстардың негізінде де, жалпы типологиялық ұқсастықтардың
нəтижесінде де пайда болған ұйымдасушылық типтері əрбір этномəдениеттің
өзіндік болмысының төлтума белгілеріне жатады. Оларды айқындау үшін
формациялық тəсілдің беретіні аз. Бұрынғыдағы «көшпелі феодализм»
(академик
Б.Я. Владимирцев) немесе «патриархалдық
феодализм»
(П. Румянцев) ұғымдарының қазақ мəдениетінің əлеуметтік типтеріне онша
жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды.
Егер шаруашылық-мəдени тип адамдардың қоршаған табиғи ортаны
145
меңгеруінің тəсілі болса, онда əлеуметтік-генетикалық типтер жеке тұлғаның
басқа əлеуметтік жүйелермен тұрақты жəне үйлесімді қарым-қатынаста
болуының құралы іспеттес. Бұл туралы А. Тарақты өз ойын былай жеткізеді:
«Ұлы дала, қуаң табиғат, көшпелі өмір салт маңдайға жазылған соң, сол
жазмышқа көндігудің бірден-бір кепілі – адамдар бірін-бірі жатсынбай, біріне-
бірі арқа сүйеп қана өмір сүруі қажет. Бұл қажеттілікті терең сезінген
көшпелілер «адамның күні – адаммен» деген принципті тіршіліктеріне тірек
еткен. Сондықтан да, əрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені тарата
білуі өмір сүрудің нормасы, моралдық-этикалық критерий деп білген. Мұндай
дəстүрдің бұлжымай сақталуына жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл
орайда, жеті аталық үрдіске ұлттық этнобиологиялық жəне этномəдени
тұтастығын қамтамасыз ететін ғажайып тетік (механизм) ретінде ден қоюға
тура келеді».
Сонымен, көшпелі ШМТ-тің қазақстандық мəдени ареалында қауымдық
тұтастанудың ерекше бір типі жеті аталық үрдіс қалыптасқан. Мұндай қоғамды
қалай атауға болады жəне əлемде оның қандай тектес баламалары бар?
Туыстық негізде қалыптасқан рулық-тайпалық адамдардың əлеуметтік
бірлестіктері бүкіл адамзаттың басынан өткізген ұжымдасу типіне жатады. Бұл
туралы этнографиялық əдебиетте жеткілікті жазылған. Сондықтан, бұл
мəселенің кейбір жақтарына ғана тоқталып өтейік.
Қауымдық тұтастық жеке тұлғалардың келісімге келіп, өз құқықтарын
ұжымдық бірлікке беруінен (қоғамдық келісім ілімі) тумайды. Қоғам неғұрлым
қарапайым болған сайын, оның жеке тұлғалары да бір-біріне ұқсастанады.
Керісінше, əлеуметтік жіктелу төмен деңгейде болғанда, адамдық қауымдасу
бітімдерінің арасында, тіпті, бір құрлықта үлкен алшақтық байқалады. Яғни,
мəдени өрлеудің нəтижесінде бір-бірімен тығыз қатынастарда болатын этностар
жақындасуда болғанымен, оларды құрастыратын тұлғаларда автономдық,
жекелік белгілер айқындала түседі. Мысалы, қазіргі Еуропаның халықтары түрі
жағынан бір-біріне ұқсас болса, Азияда үлкен алшақтық бар. Ұжымдасудың
типологиялық негізін еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі құрастырады.
Əр заңдылықтан шегініс бар сияқты, жоғарыда аталған процестің кейбір
ШМТ-те ұзаққа созылып, сақталған жерлері де бар. Мұның айқын көрінісін
көшпелілік шаруашылық-мəдени типінен байқауға болады. Əлі күнге дейін
көшпелі немесе бұл типтен жақында ауысқан халықтарда рулық құрылым
сақталып отыр (араб бедуиндері, берберлер, курдтар, пуштундар, түрік тілді
бұрынғы көшпелі халықтар). Себебі тектік-əлеуметтік тип көшпелі
шаруашылықтың талаптарына сəйкес жəне рулық қоғамдық қатынастардың
тарихи тұрақтылығы мен беріктігі заң жүйесі деңгейінде болды (əдет-ғұрыптық
құқық).
Генетикалық-тектік негізде құрылған көшпелілердің рулық қоғамын,
оның таксономикалық басты белгісі – ауылсыз, түсіндіруге болмайды. Ауыл
деп көшпелі түрік этностарының ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан тектік-
əлеуметтік типке негізделген қоғамдық ұйымын айтады. Этникалық,
экономикалық жəне рухани бірліктің көрінісі ауыл болды. Қазақ халқында
«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мəтел бар. Əдетте, ауылда 5-6
146
үйден 10-15 шаңыраққа дейін түтін көтерді, ауылдастар бірге көшіп, бірге
қонды. Дəстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған ұрпақтардан тұрады (аздаған
кірме қоңсыларды қоспағанда). Ауыл ішінде некелік қатынастарға тыйым
салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты
сақталатын типіне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман
мен Мамыр (аралары үш-бес аталық) осы дəстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына
кесілген. Əрине, қазіргі заман тұрғысынан «кузендік» (немере туыстық)
некелер жиі кездесетін отырықшы мəдениет менталитеті бойынша мұны
қатыгездік деп бағалауға болады. Алайда, көшпелілік өмір салтында қатал
экзогамияның жанды жақтары да жеткілікті. Осындай неке аралары мыңдаған
шақырым руларды бір-біріне туысқан етті. «Құда – мыңжылдық» деген ұғым
осыдан пайда болған. Қазақ тіліндегі диалектілердің жоқтығы да жеті аталық
үрдістің негізінде туған. Осының нəтижесінде этностық тұтастану нығайып,
бүкіл ұлттың адамдары бір-біріне бір əулет сияқты өзара қандас туысқан болып
шығады («Қарға тамырлы қазақ»). Экзогамиялық некенің адамның генетикалық
сұрыпталуында оңды фактор екендігі ғылымда белгілі.
Жеті
аталық
əлеуметтік
тип
генеалогиялық
дүниетанымды
қалыптастыруға себебін тигізді. Арғы негізгі ілкі атадан (первопредок)
басталатын
туысқандық
қатынастар
тармақтары
бүкіл
халықтың
тұтастануының көрінісі болды. Бұл генеалогиялық «ағаш» тек қазақ халқының
туыстығы емес, сонымен бірге, бауырлас түрік халықтарын да қамтыды («алты
алаш»). Туысқандық қатынастарды білдіретін кестелер де көп жарияланған.
Көшпелілердің
мəдениетіндегі
əлеуметтік-генетикалық
ұжымдар,
рушылдықтың қазіргі кездегі маңызы, трайбализм, патриархалдық үлкен
отбасы жəне т.б. жөнінде əртүрлі көзқарастар бар.
Қазақстан Егеменді ел болғаннан кейін бұрын тыйым салынған мəселе –
рулық қатынастардың құндылық əлемі тарихшылар мен əлеуметтанушылар
тұрғысынан жан-жақты зерттеулердің басты объектісіне айналады. Бұл – заңды
процесс. Жоғарыда айтылып кеткендей, жеті ата үрдісі қазақ мəдениетіндегі
шежірешілдік дəстүрмен тікелей байланысты. Қазіргі кезде ертедегі түрік-
моңғол халықтарынан бастап, жеке тайпалар мен рулардың, субэтностық
топтардың (төрелердің, қожалардың, төленгіттің жəне т.б.) шежірелері
жарияланған. Бұл бастаманың, əрине, тəрбиелік жəне руханилық маңызы зор.
«Жеті атасын білмейтін ұл – жетесіз» дейді халық мəтелі. Бұл жерде
А. Тарақтының мына бір пікірін келтірейік: «Тарих дегеннің өзі тек қана
өткеннен тұратынын ескерсек, онда қазақ халқының тарихын тану үшін, қазақ
халқының бір анадан туғандай этникалық тұтастығын білу үшін ру шежіресін
терең зерттеп білмей тұрып, белгілі бір ой түйіндеу мүмкін емес. Бұл орайда
шежіре пəні қазақ тарихының бас оқулығы ретінде Республикадағы оқу
орындардың бəрінде оқытылуы шарт. Түптеп келгенде, мұның өзі мемлекеттік
саясаттың құрамдас бөлігі болуы керек. Себебі, тарихын білмеген адамның
рухы солғын, патриоттық сезімі төмен, идеалы күйкі болады. Сөз жоқ, мұндай
тобырдан құрылған мемлекеттің ғұмыры ұзаққа бармайды».
Алайда, Гераклит айтқандай, күн де өз шамасынан асып кете алмайды.
Жеті ата үрдісін қалпына келтіру, əрине, рулық-тайпалық жікшілдік пен
147
трайбализмге əкелмейді. Бірақ Л. Гумилевтің сөзін қайталасақ, рулық тартыс
көшпелі түрік халықтарының тарихи қарғысы болған [2]. Олардың тарихи
дамуындағы жемісті кезеңдері рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңіп, елдің
бірлестікке жете алған уақыттарымен байланысты (VІ-VІІ ғасырлардағы түрік
қағанаттары, Алтын Орда мемлекеті, Ақсақ Темір империясы, Осман
түріктерінің мемлекеті, Қазақ хандығы жəне т.б.).
Кейін елдік тұтастық принципінің əлсіреуі жікшілдікке əкеліп,
ХІХ ғасырдың аяғында бір ғана тəуелсіз түрік мемлекетінің (оның өзінің де
жағдайы төмен еді) тарихи аренада қалуына əсер етті.
«Рушылдықты, - деп жазады Ғ. Есімов, - этнос психологиясы, ұлт
психологиясы арқылы ғылыми талдау - ғылым міндеті. Руды айтқан кезде
рушылдық бой көрсетпей қалуы мүмкін емес. Рушылдық - рудың көлеңкесі. Ал
көлеңкесіз еш құбылыс болмақ емес. Қазақ азаматтарының борышы – көлеңкені
сая етпей, жарыққа қарай топтастыру».
Генотиптік жікшілдіктің əсіреленген түрі – трайболизм. Оны «біздің
елімізде болған жоқ» жəне «болуы мүмкін емес» деп жариялай салу оңай.
Трайболизм тек Африкада ғана кездеспейді. Оның негізінде тайпалық
антагонизм жатыр. Рушылдық, жікшілдік, жерлестік - өркениетке жете алмай
жүрген халықтардың үлесі. Олар мəдениеттің «ішкі құпиясы», оның
сұхбаттасушылық табиғатына жат көріністерге жатады. «Қазақ халқына,- деп
жазады К. Бейсенов,- рушылдық та, жүзге бөлетін жікшілдік те мұрат емес. Ол
індетті қоздыруға мүдделі болғандар – «бөліп ал да, билей бер» қағидасын
басшылыққа алған Ресей отарлаушылары, Кеңестік дəуірдің тоталитарлық
жүйесі, партиялық боғдыхандар жəне олардың шашбауын көтеріп, жеке
басының қамы үшін, мансап үшін ұлт намысын, ел бірлігін аяққа таптауға даяр,
көзі ашық сауатты бола тұра, көкірегі көр болған арамыздан шыққан саяси
жезөкшелер. Отарлық саясат құлдық сезімнің уын санаға ғасырлар бойы
мысқалдап енгізді, ендігі мəселе аталмыш рухани кеселден батпандап арылу,
оған нəр беретін əлеуметтік, саяси, тұрмыстық, т.б. жағдаяттардың һəмасын түп
тамырымен жұлып тастау. Бұлардың қатарына «трайболизмді» ту қылып ұстап,
мансапқорлық, дүниеқоңыздықтың құлына айналған қандастарымыздың да
жататыны ақиқат нəрсе».
Аталған автордың пікірі Қазақстан Президентінің топшылауымен де
үндес келген: «Қоғамдық өмірдің демократиялануын, аймақтардың белгілі бір
дербестігін жергілікті төбе топтар ресурстарға жеке-дара бақылау жасау
тұтқалары ретінде пайдалана бастады. Рулық тамыр-таныстың, туыстық жəне
аумақтық бөлінудің əр түрлі нысандары өкімет құрылымдарында, қаржы жəне
коммерция салаларында өркен жая бастады. Жалпы алғанда, қазіргі ру-
тайпалық идеология – бұл ішкі ұлттық ыдырау мен бағдардан айырылудың өте
қауіпті түрі».
Соңғы кезде жарық көрген кейбір басылымдарда да жікшілдіктің елесі
анық байқалып тұр. Бұл, біріншіден, қазақтың этномəдениетінің гомогендігі
мен оның басты тайпаларының автохтондығы принципіне күмəн келтіру.
Сонда ғажап бір жағдай туып отыр. Қазақстан жерінде арийлік тайпалар
тұрған-ақ болсын. Олар маңайындағы «варварларға» аккультурация жасасын-ақ
148
(«культуртрегер» ілімі). Азия қойнауынан манчжур-моңғолдар келіп, кейін
түріктенген. Сонда түріктердің ата-тектері қайдан келген? Мүмкін ғарыштан
шығар? Мəрмəр теңізінен Солтүстік мұзды мұхиттың арасында орасан зор
аймақта орта ғасырларда түріктер қандай күштің қуатымен жетекші этнос
болған? Бұл сұрақтарға байсалды берілген жауап жоғарыдағы көзқарастың
сыңаржақтығын көрсетеді. Бұл туралы əдебиетте жеткілікті жазылған. Жəне де
«арийорталықтық» болжамды дəлелдейтін нақтылы деректерді оның
жақтаушыларынан табу қиынға соғады. Керісінше, типологиялық зерттеу
түріктік көшпелі өркениеттің гомогендігін жəне автохтондығын көрсететін
көптеген айғақтарды келтіреді (мифология, жазу бітімдері, мəдени кодтар,
ШМТ, дін…).
Көшпелі ауылдық қауымға негізделген қазақтардың төлтума əлеуметтік
типінің құрылымдық элементтеріне (субъектілері) де отандық əдебиетте тек
соңғы жылдары дұрыс баға беріліп жүр. Бұрынғы маркстік қоғамтанудағы
«феодал», «ауыл пролетариі», «қанау», «теңсіздік» жəне т.б. ұғымдарды қазіргі
кезде фанатик коммунистен басқалар қолданбайтын шығар… Ал «бай»,
«кедей», «хан», «би», «төре» сияқты ұғымдардың мазмұны мүлдем өзгерген.
«Қазақстанда феодализм бар ма?» атты мақаласында Ғ. Есім «бай» ұғымының
бес мағынасын атап өтеді (игілік иесі, қауымдық меншікті басқарушысы,
шаруашылық демеушісі, кəсіпкер, ауыл ұйтқысы).
Достарыңызбен бөлісу: |