Интернеттің негізгі қағидалары Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми жəне үй желілерінен
құралған. Əртүрлі архитектуралы жəне топологиялы желілерді біріктіруге IP
(Интернет Protocol) протоколын
жəне
мəліметтер
пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы əдейі
физикалық байланыс арналарына тəуелсіз етіп жасалды. Яғни, цифрлық
мəліметтерді тасымалдауға арналған кез келген жүйе Интернетпен де
байланыса
алады. Желілердің
байланысқан
түйіндерінде
арнайы
маршрутизаторлар (бағдарламалық
немесе
аппараттық) пакеттердің
қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мəліметтер пакеттерін
сұрыптаумен жəне бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл əлем
көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ əрбір жеке желіде өзіндік
адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру
маршрутизаторларға əрбір мəлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік
береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында
конфликттер болмайды, ал мəліметтер бүкіл əлем көлемінде дəл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап
тапқан болатын. IETF жəне оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкілəлемдік
желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым
пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын
жариялайды. Бұл
құжаттарда
көптеген
сұрақтардың
техникалық
спецификациялары жəне дəл түсініктемелері беріледі.
Құқық философиясы кең мағынада түсінілуі мүмкін, құқықтағы
философиялық əдіс кейде құкыққа, алуан түрлі құқықтық құбылыстарға
танымдық, дүниеге көзқарастық, философиялық ойтопшылауды бітімдейді.
Сонымен бірге, философиялық категорияларды тиімді пайдалану, құқықты
сараптамалық, арнайы құқықтық жəне заңнамалық зерттеуді тереңдете түседі.