Оқу тобы: 11.19.11
Күннің жады: 15. 05.2020
Пәні: Қазақ әдебиеті
Оқытушы: Орынбасаров Р.А
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов "Еңлік-Кебек пьесасы
Тарихы
Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды.
Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты.
Мағауия Абайұлы да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған.
"Еңлік – Кебек" оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. "Еңлік-Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.
М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді.
Қысқаша мазмұны
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.
Кейіпкерлері
Абыз – Cәуегей қария. Құрметті шал. 80 жаста.
Таңшолпан – Абыздың әйелі, білімді, ел анасы болғандай ақкөңіл кемпір. 65 жаста.
Ақан, Қалампыр – Меймандос кәриялар, момын.
Еңлік – Ақанның қызы. Ашық, өжет, адуын, еркек мінезді, 20 жаста.
Кебек – Тобықтының атақты батырының бірі. 28 жаста.
Кеңгірбай – (Қабекең) Тобықтының қабырғалы, айдынды биі. Ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз. 60 жаста.
Көбей – Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би. Қабекеңнің жұмбақтап айтатын сөздерін тез шешетіндіктен Көмей би деп атанған. 45 жаста.
Матақ, Кембай – Көбейден соңғы елдің басты адамдары.
Есен – Найманның батыры.
Жомарт, Еспембет – Найманның елшілері. Айтқан сөзінен қайтпайтын, қатты адамдар, жалғыз жуастауы Жомарт.
Қосдәулет – Дадан Тобықтының басты кісісі.
Қараменде – Дадан Тобықтының биі, ақ жүрек, ел қамқоры болған әділ, таза би. 75 жаста
Жапал – Ақанның малшы баласы.
Жәуетей – Кебектің жолдасы.
Тапсырма:
1. Дәрісті көшіру.
2. Пьесаны мұқият бастан-аяқ оқу
3. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |