Технологиялар



Pdf көрінісі
бет13/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

Сұрақтар. 

1) Әлеуметтік жұмыс жайлы түсінік беріңіз. 

2) Әлуметтік жобалау әдістерін сипаттап беріңіз. 

3)  Матрица,  аналогия,  ассоциация  және  синектика  ұғымдарын 

салыстыра отырып, анықтама беріңіздер. 

4) Абстракциялау дегеніміз не? Оның неше түрі бар? 

5) Дәріптеушілік дегеніміз не? 

6) Жоба әдісіне, тіркеу әдісіне түсініктеме беріңіз. 

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАҒЫ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

Инновация «жаңалықты еңгізу» дегенді білдіреді. 50- жылдардың 

соңына қарай Германияда, АҚШ - та және т.б. елдерде педагогикалық 

жаңашылдықты жалпылау және зерттеу орталықтары құрыла бастады, 

білім  беру  саласындағы  жаңашылдыққа  арналған  басылымдар  шыға 

бастады. 




 

Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие 

жұмыстарымен  мұғалім  және  оқушының  бірлікті  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыру  мақсаттарына,  мазмұнына,  әдістері  мен  формаларына 

енген, енетін жаңалықтардан хабар береді. 

Инновация,  сонымен,  жаңалық  жеткізуші,жаңаланып  жатқан 

жүйеге  өзгеріс  беретін  құрал.Жаңалығы  болмаған  инновация 

мәнсіз.Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс- әрекет қалпын 

жақсартудың  дерексіз  (абстракт),  болмысқа  жарасымы  жоқ  құрғақ 

теория  .Басқарудағы  жаңалықтар  мен  инновациялар  әрқилы 

даму,тіршілік  сатылары  мен  қисынды  құрылымдарды  қамтиды.  Өз 

даму  айналымында  инновация  белгілі  кезеңдерден  өтеді:идея  ның 

туындауы, мақсат белгілеу, жаңалық идеясын ойластыру және әрекет 

бабына  келтіру,  жаңалықты  іске  асыру,  тарату  және  тоқырау 

(жойылу).  Инновациялардың  іске  асып  бару  кезеңдері  жаңалықты 

қабылдап,игеруші ұжымның даму кезеңдерімен тығыз байланыста.  

Зерттеген  ғалымдар:  И.Ф.Исаева,  И.М.Шиянова,  А.И.Лищенко 

зерттеу-лерінде  инновациялық 

іс-әрекеттің 

жеке  бас 

және 

операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылды. 



Әлеуметтік  инновация  дегеніміз  саналы  түрде  әлеуметтік 

позитивті 

өзгерістерді 

еңгізу 


мақсатында 

ұқұрылымына 

қарай:басқару,  білім  беру,  зейнет  ақыға  қатысты,  мәдениет,  спорт, 

адамдардың  денсаулығына  байланысты  ұйымдастырылып  еңгізілген 

жаңалық..  

Әлеуметтік  инновация  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Әлеуметтік  

инновация  ұжымдық  сфера  еңбектің  нәтижесі  болса,  материалдық 

техникалық саладағы инновация жеке адамның шығармашыл әрекеті.  

Әлеуметтік инновациялардың тағы бір ерекшелігі, ол уақыттан алшақ 

болуы, нәтижесі бірден көрінбейді. Тағы бір ерекшелігі, оның сыртқы 

ортамен  байланысы,қолдануда  ауқымының  кеңдігі.  Әлеуметтік 

инновациялар  қөп  түрлі  болып  келеді.  Әлеуметтік  инновацияларды 

көлемімен  деңгейіне  қарай  келесідей  түрлерге  бөлуге  болады: 

глобальды,  жалпы  азаматтық  проблемаларды  шешуге  арналған, 

регионалды және жергілікті. 

Қоғамдық 

өмір 

сферасына 



қарай: 

әлеуметтік, 

саяси, 

экономикалық, мәдени, рухани, әлеуметтік институттардағы. 

Қолдану  масштабына  қарай:  жеке  әлеуметтік,  бір  объектіге 

арналған. 

Әлеуметтік  сфераның  құрылымына  қарай:  басқару,  білім  беру, 

мәдениет, спорт т.б. 

Әлеуметтік  жобалауда  қолданылатын  инновациялық  әдістер: 

инновациялық  ойын,  ойын  бағдарламалары,соцотехникалық  ойын, 




 

матрицалық,  императивтік  формалар,  мәселені  шешуге  байланысты 

топтық жұмыстар т.б. 

Инновацияларды  жіктеуде  А.И.  Пригожиннің  жіктеуі  белгілі: 

инновациялық 

әректке 


байланысты, 

маманыққа 

қатысты, 

қатысушылардың  сандарына  байланысты,  инновациялық  әрекет 

жасаудың  пәні  бойынша.  Соңғы  жылдары  медицина,  білім  беру 

салаларында да көптеген инновациялардың қолдануы белгілі. 

Жаңалықты еңгізуге дейінгі алғашқы кезеңде әлеуметтік педагог 

жаңа  білімді  меңгеру  әдістерін  таңдайды:  қандай  педагогикалық 

технологияны  пайдалану  керек,  оны  қалай  қолдану  қажет  және  т.б. 

мәселелерді  шешеді.Бұл  кезең  мұғалімнің  инновациялық  іс-әрект 

деңгейінің  репродуктивті  деңгейімен  анықталады.  Инновациялық  іс-

әрекеттің  жүру  кезеңінде  мұғалімнің  педагогикалық  инновацияны  өз 

тәжірибесінде,  жаңалықты  педагогикалық  үрдісте  пайдаланудың 

әдістерін  анықтайды.  Бұл  кезең  мұғалімнің  инновациялық  іс-

әрекетінің екінші эвритикалық деңгейіне сәйкес келеді. Эвристикалық 

деңгей  мұғалімнің  оқу-тәрбие  үрдісіне  жаңалықты  белгілі  бір 

мақсатпен  жүйелі  ендірумен  сипатталады:  мұғалім  педагогикалық 

міндеттерді  шешу  үшін  жаңа  әдістерді  іздестірумен  айналысады, 

мұғалімнің  инновациялық  іс-әрекетті  қамтамасыз  етуде  рефлексия 

басты  орын  алады.  Педагогикалық  үрдіске  жаңалықты  еңгізгеннен 

кейінгі  соңғы  кезеңінде  мұғалім  өзі  қолданған  педагогикалық 

технологияның  жетістіктері  мен  кемшіліктерін  айқындай  алады, 

инновациялық  іс-әрекеттің  өрбуіне  кедергі  болған  факторларды 

анықтайды,  оларға  диагностикалық  сұраптама  жасайды.  Бұл  кезең 

мұғалімнің  инновациялық  іс-әрекетінің  шығармашылық  деңгейіне 

сәйкес  келеді.  Шығармашылық  деңгей  мұғалімнің  инновациялық  іс-

әрекетінің  жоғары  сатылы  нәтижелігімен  сипатталады.  Мұғалімнің 

инновациялық  іс-әрекетінде  шығармашылық  белсенділік,  ізденістер 

орын  алады.  Инновациялық  іс-әрекет  нәтижесінде  мұғалім 

инновациялық педагогикалық үрдісті ұйымдастырушы ортаның әсерін 

бағалап,  инновациялық  үрдіске  әсер  еткен  ішкі  және  сыртқы 

факторларды анықтайды. 

 

Сұрақтар: 

1) 


Инновация 

дегеніміз 

не? 

Инновацияны 



зерттеген 

ғалымдарды атаңыз. 

2) 

Әлеуметтік инновация дегеніміз не? 



3) 

Қоғамдық өмір сферасына қарай қалай жіктеледі? 

4) 

Қолдану масштабына қарай қалай жіктеледі? 




 

5) 


Әлеуметтік 

қолдану 


сферасына 

қарай 


жіктелуінің 

айырмашылығы неде? 

6) 

Әлеуметтік 



жобалауда 

қолданылатын 

инновациялық 

әдістерді атаңыздар 

7) 

А.И.  Пригожиннің  инновациялық  жіктеу  сипаттамасы 



бойынша өз ойыңызды айтыңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет