Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып,
алдын-ала зерттеу мақсаты белгiленген мұғалiм мен оқушылардың
педагогикалық iс-әрекетi. Бұл сипаттағы эксперименттер әртүрлi:
жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау
эксперименттерi.
Жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау эксперименттi - зерттеу
жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелiнуi тиiс. Ол
проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негiз болады. Мысалға,
егер оқу жұмысы барысындағы шәкiрттердiң өзiн бақылауы
зерттелiнуi қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа
әдiстердi (әңгiмелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым-оқушылардың
өзiндiк бақылау әдiстерiн қаншалықты бiлетiнiн анықтайды. Нәтижеде
оқушылардың өз оқу жұмысына өзiндiк бақылауының мүмкiндiктерi
жөнiнде қорытынды жасайды.
Егер зерттеушi бұл проблеманың мектепiсiнде керi сипатқа ие
болғанын анықтаса, ол зерттеудi одан әрi жалғастырып, дамыту-қайта
жасау экспериментiне кiрiседi, яғни алдын-ала түзiлген жоспар
бойынша оқушылардың бiлiм игеру тәжiрибесiнде өзiндiк
бақылаудың тиiмдi тәсiлдерiн ендiредi. Егер нәтиже ұнамды болып
шықса, алынған көрсеткiштер теориялық талдаудан өтiп, бұл әдiстiң
мектеп жұмысында қолданылуы жөнiнде қажеттi қорытындылар
жасалады.
Бұл проблема жөнiнде зерттеу барысының келесi кезеңi аталған
эксперимент бойынша жетiскен көрсеткiштер мен қорытындыларды
жалпы көпшiлiк мектеп тәжiрибесiнде тексеру. Бұл мiндет бақылау
экспериментiнiң жәрдемiмен шешiледi. Бұл мектепте сыналған әдiс
басқа мектептер мен мұғалiмдердiң тәжiрибесiнде пайдалануға
ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын
негiздесе, зерттеушi ең соңғы деректердi бiр ғылыми тұжырымға
жеткiзiп, оларды педагогиканың теориялық және методикалық қорына
өз жаңалығы етiп қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |