Технологиялар


Педагогикадағы  әлеуметтiк  зерттеу  әдiстерi



Pdf көрінісі
бет26/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

Педагогикадағы  әлеуметтiк  зерттеу  әдiстерi.  Жоғарыда 

қарастырылған  әдiстер  бiршама  құндылығымен  қатар  жалғыз-ақ 

елеулi  кемшiлiкке  ие:  ғалым ол  әдiстердi  қолдана  отырып,  тар  өрiстi 

деректердi  ғана  дамытуы  мүмкiн,  яғни  зерттеу  қорытындысы 

болмашы  сандағы  мектептер  мен  оқушыларға  байланысты 

жасалынады.  Ал  көп  жағдайларда  кейбiр  мәселелердiң  шешiмi 

ауқымды  зерттеудi  талап  етедi.  Бұл  ретте  педагогтар  әлеуметтiк 

зерттеу  әдiстерiн  (анкета  жүргiзу,  рейтингтiк  бағалау)  алға  тартады. 

Мұнымен  қойылған  мәселенi  жылдам  әрi  көп  сандағы  оқушыларға 

сұрақ қойып анықтауға болады. 

Педагогикадағы  әдiстер  тiзбегi  аталғандармен  шектелмейдi. 

Олардың  түрi  мен  формасы  педагогикалық  теориямен  айналысқан 

зерттеушi  -  ғалымдар  мен  озат  мұғалiмдердiң  ынта-ықылас  iзденуiне 

байланысты, әдiстердiң жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбiрi өз 

орнында  құнды.  Өкiнiшке  орай,  сталиндiк  жеке  басқа  табыну  мен 

брежневтiк тоқырау жылдары педагогика ғылымының рөлi төмендеп, 

оның  қызметi  мектеп  пен  бiлiм  мәселелерi  бойынша  жоғарыдан 

түскен  даналық  көрсетпелерге  түсiндiрме  берiп,  олардың''тек  дұрыс'' 

екенiн негiздеумен болды.  

Бұл  теориялық  ой-пiкiрдiң  дамуына,  үлкен  кедергi  болып, 

шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады. 

Қазiргi  кезеңде,  егемендi  ел  -  Қазақстан  Республикасы  аясында 

педагогика  ғылымында  догматизм  мен  жеке  пiкiр  үстемдiгiне 

тойтарыс  берiлiп,  шын  мәнiндегi  жаңа-шыл  педагогикалық 

зерттеулерге  қажеттi  жағдайлар  жасалып,  халыққа  бiлiм  беру 

саласының  бүтiндей  қайта  түзiлуiне,  бiздiң  қоғамымыздың 

демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай  жаңа 

сапалық деңгейге көтерiлуiне тиiмдi жолдар ашылуда. 



Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді 

дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу 

үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін 

жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту  әдістері  танымға  қызығушылық 

туғызып,  оқушының  ақыл-ойын  дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді 



 

түсінуге  ықпал  етеді.  Оқытуда  ең  басты  нәрсе  –  оқушылардың 

танымдық  жұмыстары.  Оқыту  әдістері  ең  анық  фактілерді  білуді 

қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. 



Тәсіл  –  оқыту  әдісінің  элементі.  Жоспарды  хабарлау, 

оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқушылардың  мұғалім 

көрсеткен  іс-қимылдарды  қайталауы,  ақыл-ой  жұмыстары  тәсілге 

жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет