4 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫН
АРНАЙЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ШАҒЫН ЫҚШАМ АУДАНДАҒЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫН ЗЕРТТЕУ
ӘДІСТЕРІ
Әлеуметтік жобалар: түрлері, классификациясы (тарихи-мәдени
бағытталған әлеуметтік жобалар; әлеуметті-педагогикалық және т.б.).
Жоба - (латынша projectus-алға қарай лақтыру; жобалау –
болашақтағы
объектінің
образын
жасау)
құжаттар
жиынтығы(расчетар, чертеждар), белгілі затты, құрлысты орындау
үшін жасалған жоспар, құжат.
Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі:
-қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің қолдануына байланысты
шешілуіне байланысты;
- әлеуметтік жобаны қарастыру, құрастыру уақыты бойынша;
- әлеуметтік жобада қарастыру мәселесінің күрделігі тереңдігі
бойынша;
- әлеуметтік жобаның мазмұндық сипатына, қолданылатын әдіс,
тәсілдерге, дәлелдігіне қарай;
- әлеуметтік мәселелердің шешілу масштабына қарай. Бұл
тұрғыда локальдық жеке мәселелерді шешуге бағытталған, және
стратегиялық базистік мәселелерді шешуге бағытталған, ұзақ уақыт
мерзімде шешілетін.
Басқаша жіктеу келесідей сипаттарына қарай жіктеледі:
-әрект жасау сферасына қарай: техникалық,экономикалық,
әлеуметтік, аралас, ұйымдастырушылық.;
- құрамы, құрылымына қарай: монопроект, мультипроект,
мегапроект. Монопроект - әртүрлі типтегі жеке жоба түрі.
Мультипроект- бірнеше монопректілерден тұратын кешенді жоба,
көпжобалық басқаруды қажет ететін.
Мегапроект - белгілі региондардың, салалардың дамуын
қарастыратын бағдарлама. Оның құрамына бірнеше моно және
мультижобалар кіреді.
Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктері:
• әлеуметтік мәні, нәтижесі бар әрекет;
• нәтижесі тәжрибелек мәнге ие;
• жоспарланып ойластырылған;
• оның барысында конструктивтік әрекеттесуге түсу іске асады;
• ол арқылы әлеуметтік дағды қалыптасады.
Әлеуметтік жобалауды орындауда атқарылатын жұмыстар негізгі
және қамтамасыз етуге қажетті деп екі топқа бөлінеді. Негізгілерге
жатады: жобалауға дейнгі саралау, негізгі мақсатты белгілеу жұмысты
жоспарлау, жұмысты жүргізу ,жобаны қабылдау, бекіту, қажетті
жағдайда өзгертулер еңгізу, қортынды шығару.
Сонымен, әлеуметтік жобалау ғылыми басқару, жоспарлау,
болашақта іске асатын әлеуметтік объектінің дамуы.
Жобалау түрлеріне қарай:инвестициялық, инновациялық, ғылыми
зерттеушілік,білім берушілік болып бөлінеді.
- Жоба масштабына қарай:дүниежүзілік, мемлекетаралық,
ұлттық, региноаралық,корпоративтік, ведомствалық,жеке мекеледің
болып бөлінеді.
- Жобаның орындалуының созылу мерзіміне қарай: аз уақытта (3)
жылда орындалатын, (3 жылдан 5) орташа, ұзақ (5 жылдан астам)
уақытқа созылып орындалатын.
Жоба белгілері:
Зерттеу - Мәселе – Мақсат – Міндеттер – Әдістер – Қадамдар –
Бюджет – Бағалау
Әлеуметтік жобалау бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Әлеуметтік жобалаудың бірінші кезеңде қоғамдық мәні бар
қажетіліктерді анықтаудан, қандай идея жүзеге асады, оны орындау
үшін қанша уақыт қажет т.б. мәселелерді анықтаудан басталады.Одан
кейн мақсат белгіленеді. Мақсаты – жағдайды өзгеру, мәселені шешу,
жаңашылдықтың пайда болуы.
2. Келесі кезеңде қажетті ақпаратты жинастыру болып
келеді.Онда ғылыми әдебиеттерді талдау, негізгі идеяларды табу,,
қазіргі жағдайда іске асыру құралдары, әлеуметтік мониторинг
жүргізіледі. Әлеуметтік мониторинг - жинақталған ақпараты талдау,
қортынылау, бағалау бойынша жасалған ғылыми дәлелденген жүйе,
ол арқылы шешім қабылданады. Әлеуметтік мониторинг әлеуметтік
менеджментің ақпараттық базасы болып маңызды бір бөлігі болып
келеді. Жиналған ақпараттың негізінде тапсырмалалар,талаптар
белгіленеді, жаңа бір идеялар қосылады,мақсатқа жету құралдары
анықталады.
Жобаны орындау барысында түзетулер, нақылау еңгізіліп
отырылады,
шешімдер
қабылданылады,
матрицалар
жасалады.Жобалау тұжырымдамасы бойынша тексеру теориялық
тұрғыда талдау, эксперимент түрінде өтеді.
3. Қортынды бөлімде жасалған тұжырымдамалар бойынша
шешімдер
қабылданады.Ол
шешімдер
бойынша
белгіленген
бағдарламалар кезеңдер бойынша іске асады. Жобалаудың нәтижесі
болып жасалған жоба есептеледі. Осыған дейін жоба техника
саласында қолданылып келді, қазіргі кезде кез келген ғылыми зерттеу
әрекеті ғылыми жобалауды жасау, орындаумен байланысты.
В.И.Курбатов пікірі бойынша әлеуметтік жобалаудың келесідей
кезеңдері белгіленген:
Біріншіде жобалау проблемасын белгілеу, екіншіде, жобалау
проблемасына байланысты әлеуметтік тапсырыс алу, зерттеу жүргізу,
үшіншіде объектінің паспортын жасау,жобалау бағдарламасын жасау,
төртінші кезеңде әректті жоспарлау, орындалу уақытын, шығынды
белгілеу, бағалау критериларын, қойылған мақсатқа жетуін анықтау,
жобаның толық жасалуы, жобалау үлгісін еңгізу.
Сұрақтар.
1) «Жоба» дегеніміз не? Әлеуметтік жобалардың қандай түрлері
бар?
2) Әлеуметтік жобалау қалай жіктеледі?
3) Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
4) Жобалау түрлеріне қарай қалай бөлінеді?
5) Әлеуметтік жобалаудың кезеңдерін атап көрсетіңіз.
6) Жоба белгілерін көрсетіңіз.
7) В.И.Курбатов пікірі бойынша әлеуметтік жобалаудың қандай
кезеңдері бар?
8) Мегапроект дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: