Инклюзивті оқыту технологиясы тек қана дамуында кемшілігі
бар балаларды оқытумен ғана шектелмейд, сонымен қатар барлық
білім беру жүйесіне енгізіліп отырған ерекше оқыту әдісі болып
табылады.
Инклюзивті оқытудағы әлеуметтік педагогтың міндеті мүмкіндігі
шектеулі баланың өз құрдастарымен тең құқықта білім ала алуына
жағдай туғызу болып саналады. Бұл бағыттағы әлеуметтік педагогтың
іс-әрекеті бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады:
Біріншіден, мүгедек балаға жеке дара(индивидуалды) көмек
көрсету. Бұл жерде әлеуметтік педагог диагност психологпен бірге
жұмыс атқарады. Арнайы диагностиканың нәтижесінде баланың
ақыл-ой дәрежесін, моральдық қалпын, мінез-құлық деңгейін,
сонымен қатар жақын аралық дамуын айқындауға мүмкіндік береді.
Және әлеуметтік педагог сынып жетекшісімен бірігіп, ерекше мінез-
құлықты баланы мектепшілік іс-шараларға, мереке, жарыстарға
бағыттауы тиіс. Бұл баланы мейірімділік, шыдамдылық, белсенділік
сияқты қасиеттерге үйретеді.
Екіншіден, сынып ұжымымымен атқарылатын жұмыс. Бұл
бағытта әлеуметтік педагог мектеп психологымен және сынып
жетекшісімен бірігіп жұмыс жасайды. Олардың мақсаты мектеп
оқушыларына дамуында ауытқуы бар баланың өз қатарластарымен
тең құқықты екенін ұғындыру.
Үшіншіден, мүгедек баланың отбасымен атқарылатын жұмыс.
Әлеуметтік педагогтың мақсаты ерекше мінез-құлықты баланың
отбасына психологиялық көмек көрсету, арнайы психологиялық кеңес
беру, материалдық-тұрмыстық жағдайын жасауға үлес қосу, әртүрлі
әлеуметтік көмек көрсету орталықтармен тығыз байланыста болу
болып табылады.
Төртіншіден, әлеуметтік педагогтың қоғамдық орындармен
бірігіп жасалатын көмегі. Берілген бағытта әлеуметтік педагог
әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялық жоспар құрып, әртүрлі
мамандармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, дамуында
кемшілігі бар балалардың проблемасын шешуге ат салысады.
Норма – медицинада, психологияда, әлеуметтануда және т.б.
ғылымдарда кеңінен қолданылады. Адам нормасы барлық қоғамға
бірдей қалыптаса алмайды. Себебі олардың өзіндік ұлттық ерекшелігі
бар және олар әр кезеңге сай өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы
АҚШ-та 2 дүние жүзілік соғыс кезінде 2-3, 10 жылдың шамасында
темекі шегу қалыпты құбылыс болады. Ал қазіргі уақытта салауатты
өмір салты кеңінен насихатталып жатқан кезде темекі шегу жаман
қасиетке айналады.
Демократиялық қоғамдық тұлғаның әрекетінің қалыпсыз
қасиетіне төзіммен қарайды. Ал тоталитарлы режим адамды – төрт
қатал қадағалауға алады. (медицинада, психологияда, социологияда).
Норманың өзінің көрсеткіштері; нормасының сипаттамасы бар.
Әлеуметтік педагог үшін норма мен ауытқу сөздері өте маңызды,
олар баланың дарындылығымен әлеуметтік тәртіп процесін сипаттау
үшін қолданылады. Ауытқулар жағымсыз және жағымды болады.
Мысалы: Бала дамуындағы ауытқу ақыл-ой кемістігімен
дарындылық
Тәртіптегі қылмыс алкогализм, нашақорлық секілді, теріс
ауытқулар адамның әлеуметтік қалыптастыру процесіне және
қоғамның жалпы дамуына теріс әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |