Технологиялар



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

ОТБАСЫНА ӘЛЕУМЕТТІК  КЕҢЕС БЕРУДІ  

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

Мектепте 

әлеуметтік 

педагогтар 

педагог-психолог 

мамандарымен,  сынып  жетекшілермен,  әкімшілік  құрамымен  және 

ата-аналармен    тығыз  байланыста  қызмет  атқарады.  Яғни,  олармен 

оқушылардың    құжаттарын  тағайындауда,  олардың  әлеуметтік 

мұқтаждығына көмек беруде және  оқушылардың ішкітұлғалық, тұлға 

аралық  шиеленісті  жағдайлар  туындағанда,  оқушы  мен  педагог 

арасында  кикілжің  пайда  болғанда  әлеуметтік  педагогпен  бірлесе 

жұмыс  жүргізеді.  Осы  кезеңде,  әлеуметтік    педагогта  кеңес  беру 

журналының 2 түрі болуы тиіс. Біріншісі, сынып жетекшіге, оқушыға, 

пән  мұғалімдеріне  арналған  кеңес  беру,    ал  екіншісі  ата-аналарға 

арналған кеңес беру журналы тіркеліп отыруы қажет. Алғашқы  беті 

мектеп директоры бекіткен, тігіліп мөр басылған болуы шарт. 

Олар төмендегіше: 

КЕҢЕС  БЕРУ ЖУРНАЛЫ 

                        (сынып 

жетекшіге,  пән  мұғалімдеріне  және 

оқушыға) 

Кеңес 


алушын

ың  аты-


жөні 

Лауаз


-ымы 

Отбасы-


ның  

түрі,  


бала 

саны 


Отбасы-

лық 


әлеумет

-тік-


материа

л-дық 


жағдай

ы,  хал-


ахуалы 

Туынд


аған 

мәселе  


Қол

дан


ыла

тын 


әдіс

-

тәсі



лде

р 

Берілген 



кеңес 

Нәтиж


есі 

Жандос


ов 

Таңат 


Оқуш

ы  


әкесі 

мен 


анасы 

ажырас


қан, 

әкесіме


н  өгей 

анасын


ың 

қолынд


а 

тұрады, 


отбасыд

а 3 бала 

Орта  

деңгейд


е, 

отбасыд


а  әкесі, 

өгей 


анасы, 

әжесі,  2 

қарында

сы  және 

өзі 

тұрады 


Оқуш

ы 

мектеп



ке  оқу 

жылын


ың 

ортасы


нда 

келіп, 


әлеуме

ттік 


ортаға 

бейімд


елуінд

Топ


ара

сын


да 

дау-


дам

ай 


туд

ырм


ауға 

көм


екте

су, 


бақ

Оқушыны


ң 

әлеуметті

к  ортада 

бейімделу

іне 

топпен, 


психолог

пен 


бірлесе 

тренингта

р  өткізу, 

оқушыны


ң 

жаңа 


Бір 

апта 


бақыла

у, 


екінші 

аптада 


оқушы

-ның 


ортада  

өзін 


еркін 

сезінуі


н 

байқау



 

е, 


бірқата

р 

қиынд



ық 

туында


уда  

ыла


у, 

әңгі


міл

есу, 


сау

алн


ама 

жән


е 

сур


ет 

салғ


ызу 

орта  өзін 

ыңғайлы 

сезінуіне 

көмектес

у 

,  



оқушы

лармен 


достық 

қарым-


қатына

сқа 


түскен

дігін 


анықта

у. 


Сынып 

жетек


шісіме

н 

сөйлес



у 

 

АТА-АНАҒА  КЕҢЕС  БЕРУ  ЖУРНАЛЫ 



Күні, 

айы, 


жылы, 

уақыты 


Ата-

анан


ың  

аты-


жөні 

Оқушын


ың  аты-

жөні 


Сыныбы   Отбасы 

лық 


жағдайы, 

бала саны 

Қай 

тақырып


та  кеңес 

берілуі 


Еске

ртпе  


Қо 

лы  


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қарапайым  педагогқа  қарағанда,  әлеуметтік  педагогтың  ролі  ең   

алдымен    білім  беру  емес,  тәрбиелеуде,  оның  әлеуметтік  көмек  беру 

және    қорғау  функиясында.  Әлеуметтік  көмектің  бағыты  белсенді 

болуы  керек    және  әлеуметтік  жұмыстың  субъектілері  ретінде 

клиенттерді  тартуы    қажет.  Әлеуметтік  педагогтың  отасымен 

байланысы әрбір нақты  отбасы (жалпы  отбасы туралы емес) туралы 

мәлімет  пен  оның  ерекшеліктерін,  адамдардың    тіршілігінің  осы 

саласында  қарым-қатыас  жасау  процесінің  заңдылықтарын  ескеру 

негізінде жасалады. 

Әлеуметтік  педагогтар  –  балалармен,  олардың  ата-аналарымен, 

ересектермен,  тұрғындарымен  отбасы-тұрмыстық  микроортада  және 

көршілер ортасында, жасөспірімдермен, жастардың, топтарымен және 

бірлестіктерімен  тәрбие  жұмысымен  жүргізетін,  мәдени-сауық,  дене 

шынықтыру-сауықтыру, еңбек, ойын және басқа жұмыстарды, топпен 

қарым-қатынас 

жасуды, 


балалармен 

ересектердің 

социумда 



 

техникалық,  көркем  шығармашылық  және  шығармашылықтың  басқа 

да түрлерін ұйымдастыратын мамандар. 

Әлеуметтік  педагог  балаларды,  жасөпірімдер  мен  жастарды  

әлеуметтендіру  процесінде  мүмкін  болатын  және  мақсатты 

«араласуды»    қамтамасыз  етеді,  отбасы  мен  басқа  да  тәрбиелеу 

институттарына  көмек    береді,  балалар  мен  ересектер  арасындағы 

байланыстыршы  жік,  делдал    «үшінші  тұлға»  ролін  атқарады,  жеке 

тұлғамен  және  қоғаммен  жұмыс    жасайды.  Ол  жасөспірімдердің 

әлеуметтік және кәсіби бағдар алу кезеңінде көмектеседі, балалардың  

қоғамдағы  құқытарын  қорғайды. 

Әлеуметтік  педагогтың  отбасымен  жұмысының    негізігі  

бағыттары 

-  ата-аналарды ағарту және кеңес беру; 

-  жайсыз  отбасыларын  диагностикалау және патронажға алу; 

-  жеке  бейәлеуметтік  топтарға  басқа  бағдар  беру  және  оларды 

«бұзу»  жөніндегі жұмыс; 

-  жаңа рольдерге  бейімделуге көмектесу

-  қызметтің қанағаттанарлық  салаларын табуға көмектесу; 

-  жас отбасыларына кеңес беру

-  кәсіби  бағдар алуға көмектесу; 

-  топтық,  отбасылық сауықтыру ұйымдастыру; 

-  жалғызбасты  адамдарға  көмек беруді  ұйымдатыру

-  үйінде    және  арнайы    мекемелерде  әлеуметтік  назарды    талап  

ететін  адамдарды анықату; 

-  микросоциумда  қария  адамдардың белсенділік көрсетуі және  

олардың мүдделерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау. 

Кеңес  беру  әлеуметтік  жұмыстардың  маңызды  әдісі  мен  

технологиясы  болып  табылады.  Әлеуметтік  жұмыс  тәжірибесінде 

біраз  мәселелерді    шешу:  дәрігер,  заңгер,  психолог  сияқты  көптеген  

мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Әлеуметтік жұмыстарды 

мақұлдау мен оларды қоғамдық  тұрғыдан мойындау,  көбінесе кеңес 

берушілер  ретіндегі  әлеуметтік  қызметкердің  атқаратын  ролімен 

анықталады.  Кеңес  беру  –  бұл  іс  барысында    маманның  өтініш 

жасаған  адамға  пайда  болған  мәселелердің    мәнін    түсіндіріп  және 

ұғындыратын,  сондай-ақ  оны  шешу  үшін  қолдануға  болатын  түрлі 

амадарды ұсынатын  әлеуметтік  жұмыс түрі.  Әлеуметтік    міндеттерді  

шешудің  технологиялық  әдістері  ретіндегі  кеңес  беру  –  бұл 

азаматтардың,  жеке 

адамдардың, 

отбасылардың, 

топтардың, 

қауымның  қажетті  бір  ақпаратты  анықтау  мақсатын  және  оны  

қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің  баламалы түрлерін нұсқауымен 

ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланатын шара. 



 

Әлеуметтік  кеңес  берудің  түрлі  әдістері  мен  тәсілдері  бар. 

Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру,  хабарлау, 

кіші тренинг  және  басқаларын атап өтуге болады. 

Әлеуметтік  қызметте,  әсіресе  отбасымен  жұмыс  жүргізгенде,  

психологиялық кеңес беру  пайдаланылады,  яғни  «адамдарға ықпал 

етудің  негізгі  жолы - әңгіме-дүкен  қажет болып табылатын, тұлғалар 

арасындағы    қатынастардың  қиыншылықтарына  байланысты  әрқилы 

психологиялық    мәселелерді  шешуге  бағытталған  тікелей  жұмыстар 

жүргізу». Психологиялық кеңес беру  өтініш иесіне ең алдымен оның 

тұлғааралық    қатынастарын  қайта  құруға,  ал  психокоррекциялық 

немесе  шиеленістер    негізіне  жататын  адамның  ішкі  мәселлерін  

шешуге бағытталған. 

Кеңес  беру  мақсаты  -  өтініш  берушіні  өзіне-өзі  көмектесуіне 

үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуге баулу. 

Кеңес  берудің  мақсатын  анықтау  көмек  сұрауға  өтініш 

білдірушінің  сұранысына,  кеңес  берушінің  теориялық  бағдарын 

байланысты болады. 

Кеңес  беру  бұл  төмендегідей  бірнеше  кезеңдерге  бөлінетін  бір  

мезгілдік қана әрекет: 

-  өтініш  иесін кеңес алуға итермелеген  себептерді анықтау; 

-   талдау,  бағалау, анықтау мәселелері; 

-  мәселенің  құрылуын  және кеңестің  мақсатын анықтау; 

-  әрекет ету жоспарын белгілеу

-  тиісті әрекеттерді жүзеге асыру; 

-  кеңес берудің нәтижесін бақылау және қортындылау. 

Отбасылық  кеңес  берудің  негізгі  мақсаты  -  адамның  ішкі 

психикалық    өмірі  мен  оның  тіршілік  әрекетіне  әсер  ететін 

жүйеаралық  қатынастар  арасындағы  тепе-теңдікті  сақтау.  Осыған 

орай,  іс  жүзінде  әлеуметтік  қызметкер  өзінің  кәсіби  қызметіне 

қатысты  отбасымен  жұмыс  жүргізгенде  кеңесшінің,  көмекшінің, 

аудармашының, делдалдың, адвокаттың,  брокердің, тәлімгердің және 

басқалардың  ролін (қызметін) атқаруы мүмкін. 

Әлеуметтік қызметкер – кеңес берушінің тұлғааралық  дағдылары 

мен  білітктілігінің  қатарында  төмендегі  мынадай    қабілеттіліктер 

болуы тиіс: 

-  іскерлік,  қызметтік  өзара  қарым-қатынас  құру  мен  оны  сақтай 

білу; 


-  сезімталдықпен жұмыс істеп, оның өзіне және басқа адамдарға 

ықпалын санасына тоқи білу; 




 

-  басымдылық, өшпенділік және ашу-ыза көрсету арқылы жұмыс 

жүргізу  өзі үшін  және басқа  адамдар  үшін аса    зиянды  екенін  түсіне 

білу; 


-  мінез-құлық  пен  мақсатты  анықтап,  түсініп  және  өзінше 

түсіндіре білу. 

Отбасылық  кеңес  бер  отбасындағы  ересектер  мен  баланың 

арасындағы  әлеуметтік  проблемалар,  шиеленістік  жағдайлар  кезінде 

әлеуметтік педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды.  

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру мыналар болып табылады: 

-  өмірлік  қамту  саласында:  еңбекпен  қамтылуы,  жеңілдіктерді 

белгілеу, 

жәрдемақы, 

мүгедектік, 

дағдарыс 

жағдайындағы 

материалдық көмектер; 

-  тұрмыс  жағдайы  саласында:  қажетті  жиһаздармен  және 

тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету т.б. 

-  отбасы  денсаулығы  саласында:  балалар  мен  ересектердің 

созылмалы, қатты ауруларын тексеріп анықтау және емдеу, салауатты 

өмір  салтыпен  өмір  сүруге  дағдыландыру,  аурулардың  алдын  алу, 

балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу; 

-  рухани  және  моральдық  хал-ахуал    саласында:  ішімдікке  бой 

ұрудан  құтылу,    отбасының  дәстүрлері  мен  тұрғылықты    сақтау, 

отбасы мүшелерінің құнды бағдарларын қолдау; 

-  бала  тәрбиесі  саласында:  мектепке  үйрену  мәселесін  шешу; 

мінез-құлық 

ауытқушылғын 

анықтау 


және 

оны 


түзету: 

психологиялық,  тіл  дамыту,  психотерапиялық,  заңгерлік  көмек 

көрсету,  тіл  дамыту,  педагогикалық  хабарсыздықты,  сапасыздықты, 

дәрменсіздікті болдырмау; 

-  отбасының  ішкі  және  сыртқы  қатынастары  саласында: 

бұрынғы  немесе  жаңа  жақсы  әлеуметтік  байланыстарды  қалпына 

келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала-ата-ана және ерлі зайыпты 

қарым-қатынастарын реттеу және т.б. 

Отбасылық  кеңес  берудің  айырмашылығы  -  әлеуметтік 

қызметкер  кеңес  бер  барысында  не  жаппай  отбасымен,  не  отбасы 

мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңімен жұмыс жүргізеді де, соңынан 

олардың бәрін кездестіреді. 

Отбасылық кеңес  беру  процесін  шартты түрде 5 фазаға бөлуге 

болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, іс-әрекет фазасы, 

шешім қабылдау фазасы және кері байланыс. 

Бірінші  фаза  -  өтініш  иесімен  байланыс  орнату.  Кеңес 

алушыларымен  өзара  әрекеттесу  шегіне  анықтауды  талап  етеді.  Ол  

фазада клиент  пен психологтың араласуы, олардың қарым-қатынасын 

құрудағы арақашықтығы қандай болуы керектігі анықталады. 



 

Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. 

Бұл  фазада    кеңес  алушы  мен  кеңесшінің проблемаларды  түсінудегі  

келісімдері  нақтыланады.  Әлеуметтік  қызметкер  өз  зерттеулеріне 

сүйене  отырып,    пробламаны  анықтап,  оның  мәнісін  клиентке 

жеткізіп,  кеңес  беру  жұмысының    бағыт-бағдарын  түсіндіру.  Кеңес 

алушы мен кеңесші  баламалы  амалдарды талқылай  келе,  біржақты  

шешімге келіп, клиент  проблеманы қабылдауы керек.  

Үшінші фаза – іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның 

алдында  тұрған  проблемаларын  талдау,  оны  шешудің  бірнеше 

варианттарын  салыстырып  көру,  орын  алған  жағдайдың  оң-терісін 

анықтау арқылы оны жаңаша  түсінуге жетелеу  жүргізіледі.  

Төртінші  фаза  –  шешім  қабылдау.  Клиенттің  өмірінде 

қалыптасқан  табиғи  жағдайда  басқалармен  салыстырмалы  мінез-

құлық көрсетуі. Бұл фазада білгілі бір кеңес беру теориясына сүйене 

отырып,  маман  кеңес    алушының  қалыптасқан  жағдайдан  шығу 

жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары 

мен  стартегиясын    құрады.  Клиент    өзі  үшін  ең  қолайлы  шешім 

тапқаннан  кейін,  оны  өзінің  пікіріндей  қабылдап,    дербестігі  туралы 

сенімге  ие  болғаннан  соң,  қақтығыс  орын  алған  ортада  өзінің  жаңа 

бейнесін  көрсету  үшін  іске  кіріседі.  Сонымен  қатар,  клиент 

кеңесшімен  бірге  әрекеттерін  одан  әрі  жалғастырып,  басқаларға 

сенімді  және әсерлі болудың түрлі  әдістерін сұрыптаудан  өткізп, ең 

соңында  өзіне қолайлы деген  әдістерін  таңдап алады.  

Бесінші  фаза  –  кері  байланыс.  Кеңес  алушыны    кеңес  беру 

процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын  білдіреді. 

Жұмыс жүргізу барысында кеңесші өзінің арнайы білікітілігі мен  

дағдысын  былайша  сыннан  өткізуі  тиіс:  оңай  және  қиын  сұрақтар 

қою; кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды  назарға алу; әңгіме 

барысында кеңес алушының ойын да ескеріп отыру; кеңес алушының 

айтқандарын  ой  елегінен  өткізіп  және  қорытындылай  білу;  керек 

кезінде  үндемей  отыру,  гипотеза  ұсынып  және  оны  дәлелдей  білу 

және бірлесе шешім қабылай білу. 

Сонымен,отбасына 

әлеуметтік-психологиялық 

кеңес 


беру 

әлеуметтік қызметкер кеңесшінің жұмыс жүргізуін негізделетін түрлі 

теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны 

оның түрлер мен отбасының жас шамаларына қарай бағдарланады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет