ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН ОҚУШЫЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ
Мүгедек және денсаулығы жарамсыз үйде оқытылатын
оқушылармен әлеуметтік педагогтар оқушының ата-анасымен, мектеп
педагог-психологімен және пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс
атқарады.
Әлеуметтік педагогтың міндеті:
1. Оқушы туралы мәліметті сынып жетекшісінен алу және оның
әлеуметтік жағдайын, топтамасын анықтау;
2. Оқушының отбасымен танысу;
3. Оқушының үйін зерттеу актісін түзу, өзіндік арнайы бөлме
бар немесе жоқтығын анықтау;
4. Педагог-психологпен және ата-анасымен бірлесе оқушының
мінез-құлқын, хал-ахуалын анықтау және байқау;
5. Оқушының ата-анасымен сөйлесу, сауалнама алу және пән
мұғалімдерінің тұрақты түрде баруын бақылауға алу.
6. Оқушының бос уақытта немен айналысатынын, қалай және
кіммен өткізетіндігін сараптау;
7. Оқушының әлеуметтік ортада бейімделуіне көмектесу.