Жануарларға қайырымды болыңыз
«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету
қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген
арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның бірінші бөлімі омыртқалы
жануарларға, ал екінші бөлімі өсімдіктерге арналып шығарылды. Әлемдік деңгейдегі
жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі
жоқ емес.
Тамыз айының үшінші сенбісінде Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні атап өтіледі
(International Homeless Animals Day). Атаулы күннің белгіленуіне себеп болған –
Халықаралық жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығы. Ұйым бұл ұсынысты 1992 жылы
білдірген болатын. Бастапқыда халықаралық дәреже берілмегенімен, көптеген елдердегі
жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады.
Бүгін мереке емес, бүгін әлем жұртшылығының үйсіз-күйсіз жануарларға назарын
аударуға, адамдарға олардың трагедиялық тағдырларын таныстыруға арналған іс-шаралар
ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары
өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік
бағдарламадан, конкурстардан, аукциондардан түскен қаржыны үйсіз қалған жануарларға
жұмсайды. Сондай-ақ бұл күні қарапайым мысықтар мен иттерге қожайын табуға жақсы
мүмкіндік туады.
22
Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына
жауапкершілікті сезінуді тағы да бір рет естеріне салу және мүмкіндігінше үйдегі
жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн
бойы тегін қызмет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |