Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, коммуникативтік жағдаятқа
сай, көтерілген басты мәселені анықтаңыз және өзіндік көзқарасыңызды жан-жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз, астарлы ойды анықтаңыз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ
қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-
мәтін
Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия
Табиғи ресурстар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулықты сақтауға
қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және
сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып
келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп
жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық
көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін
жаратылыс дүниелері табиғи ресурстар деп аталады. Табиғи ресурстарды пайдалану
нәтижесінде, адамзат азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-
жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ,
өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде
табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін
өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай,
табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-
теңдігін сақтау болып табылады.
2-
мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |