Реформаның бірінші бағыты бойынша, оқу жоспары қабылданып ол
көптеген түзетулер мен толықтыруларға ұшырады. Онда педагогикалық білім
мазмұны нақты белгіленді. XX ғ. соңына таман мемлекеттік оқу
жоспары негізгі сатылар бойынша 5-16 жас аралығы қамтылды. Білім
саласын басқаруды орталықтандыру, стандартын бақылайтын ұйым
жасақталды.
Осы кездегі білім басымдықтары: білім жүйесінің әлемдік стандартқа
сәйкестігі «табысты оқу»; білімдегі нарықтық қатынастар; білім саласы
бойынша қызмет көрсетуде еуропада және әлемде бәсекеге қабілеттілік;
мұғалімдер даярлау сапасын көтеру; Мұғалімнің кәсіпқойлығына оның
тұлғалық сапаларына мәмілені өзгерту; педагогикалық іс-әрекет дағдыларын
жетілдіру; құзіреттілік; кәсіби жауапкершілігіне мән беру көзделді.