Жапониядағы білім жүйесі. Ондағы білім берудің басты тұжырымы
жалпы білім онда жоғары бағаланады. Өйткені білім ала отырып адам, өзі
бірқатар ауқымды жұмысқа емес, өмірге даярланады. Тек кең ауқымды білім
бар адам ғана өзгермелі өмірге жылдам бейімделе алады.
Жапония өзінің өсу жылдамдығын сақтап қалу үшін елде техникалық
оқу орындарының жүйесі кұрылуы тиіс-деп шешті. Онда білім алушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту бағытын ұстанып, шетелдердің тапқандарын
көшірмелеу емес, өзі жаңаны табатын маман даярлау керек- деп белгіленген.
Өндіріс орындары кәсіпқойлықтан гөрі жалпы білім ауқымы жан жақты
кең маманды жұмысқа алуды дұрыс көреді. Олар білімді жетілдіру қажет болса,
ары қарай оқуға ынталы, әр түрлі жұмыс беруші компанияның талаптарына
бейімделе алатын маманға ерекшемән береді. Техникалық оқу орындарының
студенттері ізгілікті пәндер бойынша терең білімді болу талабы қойылады. Сол
себепті олар университеттің алғашқы үш жылын, ізгілікті пәндерді меңгеруге
жұмсайды, мысалы, ғылым және техниканың тарихы жаратылыстанудың
кейбір пәндері, философия, логика, мәдениет теориясы, антропология, саяси
экономика, ғылым мен техниканың әлеуметтігі, еңбек туралы ғылым,
психология, медицина, эргономиканы меңгереді. Жапония университеті он
факультеттен
құралады:
жалпы
білім,
экономика,
педагогика,
ауылшаруашылық, әдебиет, заң, инженерлік жаратылыстану, формакология,
медицина. Жапониядағы білім беру мен оқушыларды тәрбиелеу ісінен,
оқушылардың тәртіпке бағынуы және оны өмірдің басты тұғыры ретінде
қарауы; өзін-өзідамыту мен ізденіске болған жіті көзқарастың мектеп
қабырғасында қалыптасып бүкіл өмір бойы адамның іс-әрекетінде орнығуы-
кұптарлық көрініс болып табылады.
Әлемдегі білім беру және оны дамыту, реформалауға жетелеген аса
маңызды құжат 1999 жылы Италияның Б
ОЛОН
шаһарында 29 мемлекет қол
қойған «Болон декларациясы» болып отыр. Бұл әдебиеттерде «Болон үрдістері»
деген атпен қолданылуда. Оған дейін де Еуропа елдері жоғары білімге
байланысты, 1988 жылы Болон декларациясы, 1998 жылы Сорбон
декларациясын қабылдаған болатын. Бұл халықаралық кұқық емес,
мәжбүрлеуді көздемейтін құжат. Алайда әлемдегі білім кеңістігін
сабақтастыруда ұрымталдығымен басқа елдерді де өзіне тартуда. Мысалы,
2008 ж. Бұған 46 мемлекет мүше болған.
Бұған қатысушы елдер 2010 жылы осы үрдістің мақсаты - халықаралық
білім кеңістігінде еуропалық жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін
көтеру, оның басқа елдерге қанат жаюы. Болон декларациясының мақсаты -
жоғары квалификациялы қызметкерлер үшін жалпы еуропалық еңбек
нарығы, еуропалық білімге еркін жол ашу, жоғары білімнің салыстырмалы
сатылар деңгейіндегі жүйесін қамтамасыз ету.
Декларацияны қабылдауға әкеліп соқтырған мәселелер-дамыған елдердегі
экономикалық өзгерістер, жоғары білім мазмұны мен формасына жаңа талаптар
қойды; ғылыми және оған негізделген өндірістегі жоғары квалификациялы,
шығармашыл қызметкерлер қажеттігі; академиялық білімді еңбек нарығымен
байланысының үзіліп қалуы болатын. Сонымен бірге еуропа елдерінің жоғары
квалификациялы ғылыми қызметкерлерге мұқтаждығы, мысалы, АҚШ – тан 2
есе артта қалуы, жоғары білімді қаржыландырудың төмендеуі, т.б.
Болон үрдісі - жалпы қызмет ұстанымдарына негізделген жоғары білімнің
бірыңғай еуропалық жүйесінің құрылу үрдісі. Еуропалық білімнің
бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату; ұлттық білім
жүйелерін жақындастыру; жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды
қарастыратын жоғары білім саласын қайта құрылымдау үрдісі, көп дәрежелі
жоғары білімді енгізу; академиялық кредиттер жүйесін қабылдау; білім сапасын
бақылау; студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын көтеру; білімді
нәтижеге бағыттау; студенттің орталықтандырылған оқытуға бағытталуы -
Болон үрдісінің басты ұстанымдарына жатады.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» - және «студенттік
орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз,
оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер
ECTS (European Credit Transfer System) еуропалық кредиттік жүйеге ауысу,
модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды
болжайды. Бұл болашақта педагогикалық практиканың алға жылжуының
негізгі элементтері болуы керек педагогикалық практикаға және оқытуда
практикалық іс-әрекетке баулудың көбірек орын алуына жетелейді.
Декларация 7 негізгі қағидалардан тұрады:
1. Қабылданған салыстырмалы дәрежелер жүйесі және оның ішінде дипломға
қосымша енгізу арқылы еуропалық азаматтардың жұмысқа орналасу
мүмкіндігін қамтамасыз ету және еуропалық білім жүйесінің халықаралық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Екі циклдік білім беруді енгізу: дәреже алғанға дейінгі дәреже алғаннан
кейінгі. Бірінші цикл үш жылдан аса созылады. Екіншісі магистр немесе доктор
дәрежесін алуға арналған.
3. Үлкен масштабты студенттік ұтқырлықты еуропалық жүйесін
сыйымдылықтың есептеу бірліктерінің қайта есептеудің еуропалық жүйесін
енгізу. Сонымен қатар, ол студенттерге оқитын пәндерді таңдау құқығын
қамтамасыз етеді. «Өмір бойы білім алу» концепциясы шеңберінде жұмыс істеу
мүмкіншілігі бар ECTS (European Credit Transfer System) жүйесін жинақтау
жүйесіне айналдыра отырып негіз ретінде қабылдау ұсынылады.
4. Білім алушылардың ұтқырлығын едәуір дамыту. Еуропалық аймақта жұмыс
істеуге кеткен уақыт кезеңін есепке алу арқылы ЖОО оқытушылары мен басқа
да қызметкерлердің ұтқырлығын кеңейту. Ұлтаралық білім стандарттарын
орнату.
5. Салыстырмалы критерийлер мен әдістемелерді құрастыру мақсатында
сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастықты қолдау.
6 Жоғары оқу орындарында ішкібілім сапасын бағалау жүйесін енгізу
және жоғары оқу орындардағы жұмыстың сыртқы бағалауына студенттер мен
жұмыс берушілерді үйлестіру.
7. Жоғары білімге еуропалық көзқарас қажеттіктеріне ықпал жасау, әсіресе оқу
жоспарларын дамыту саласында, институтаралық ынтымақтастықтарға,
ұтқырлық және оқу бағдарламаларын бірлесіп дайындау схемаларын,
тәжірибелік даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдау.
Болон декларациясы постулаттарының бірі - білім беру ісін жалпыдан
жалқыға бағыттауды қарастыратын: бакалавриат-магистратура-докторантура
бағдарламалары бойынша білім берудің көп деңгейлі жүйесін жүзеге асыру.
Бұнда білім алушылар алдымен белгілі бір ғылым бойынша жалпы жоғары
білім алады, одан соң белгілі бір мамандыққа бейімделген бағдарламалар
бойынша тар бағытта окиды.
Қазақстан бұл үлгілерге көшуді 2003 жылы бастап сол кезден бастап
әуелі экономикалық, гуманитарлық және педагогикалық, келесі жылдан бастап
басқа да мамандықтар бойынша төрт жылдық бакалавриат бағдарламасы
бойынша оқи бастады. Мамандық ерекшелігіне байланысты медицина және
ветеринария бойынша оқыту мерзімі 5 және одан да көп жыл болып белгіленді.
Болон үрдісінің талаптарына сай мемлекеттік стандарттар түзіліп онда
бакалавриат бағдарламасының пәндері үш топқа біріктірілді: жалпы
білім беру пәндерінің топтамасы (оның бакалавриаттағы үлесі - 25 пайызды
құрайды), негізгі (50 пайыз) және бейінді пәндер топтамалары (25 пайыз).
Сонымен бірге барлық білім алушыларға бірдей міндетті пәндер және таңдаулы
пәндер енгізілді. Міндетті пәндері - мамандықтың типтік оқу жоспарына
енгізіліп, оларды оқу міндетті; ал тандаулы пәндерді студент ЖОО ұсынған
каталогтан өз қалауы бойынша таңдап алады.
Қазіргі кезде пәндердің бұл екі тобының ара салмағы тең деуге болады, ал 2020
жылға қарай Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес бакалавриатурадағы таңдаулы пәндер - 65, магистратура мен
докторантурада 85 және 95 пайызға жеткізіледі. Осыған оран «кредит-
сенім» жүйесімен оқытуда ұстаз бен студенттің кәсіби білім аясында
бірлесе аткаратын жұмысына сенім арту -дегенге меңзейді. Студенттің
өздігімен ізденіп, білім алуына мән беріледі, студенттің оқу уақытының
66 пайызы өздігімен білім алуына жұмсалса, оқытушының уақыты көбінесе
оқулық, оқу-әдістсмелік кұралдар әзірлеуге бөлінеді. Қызығушылық танытқан
ғылым салаларымен студент таңдамалы пәндер арқылы білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |