98
Демек, мектепке дейінгі балалардыңэстетикалық талғамын қалыптастыру мынадай бағыттар
бойынша жүргізіледі: ертегілер, әңгімелер, музыка, сурет салу, көркемдік, сұлулық сипатының
тәрбиелік маңызы және т.б. Балалардыңпсихологиялық сезімдері олардың өміріне зор
міндетатқарады.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу баланың рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді. Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруға еңбек, қоғамдық қатыныстар,
қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі эстетикалық
сезімді және эстетикалық талғамды қалыптастыру.
Эстетикалық талғам адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланысты.
Сондықтан баланың жан-жақты, үйлесімді дамуын қалыптастыруды “әдемілік заңы” бойынша
құруға тырысуы қажет.
Эстетикалық талғамның басты мақсаты табиғаттағы, өмірдегі, еңбектегі, өнердегі ең
жақсыны қабылдау. Эстетикалық талғамбаланы дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты адамның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру болып
табылады, оған келесі компоненттер кіреді:
Қабылдау - көріністердің кез-келгенінде, табиғатта,
өнерде, тұлғааралық қарым-қатынаста әдемі көріну қабілеті. Сезімдер – әдемілікке баға беру
эмоциясы. Қажеттіліктер - талдау және әдемі жасау арқылы эстетикалық тәжірибені жинақтау.
Талғам - бұл қоршаған ортаның көріністерін оның эстетикалық мұраттарға сәйкестігі тұрғысынан
бағалауы және талдауы. Идеалдар - табиғатта, адамда, өнерде сұлулықтың жеке көрінісі болып
табылады.
Эстетикалық тәрбиелеу құралдары: бейнелеу өнері (кескіндеме, мүсін); драматургия (театр);
сәулет; әдебиет; теледидар, БАҚ; түрлі жанрдағы музыка; табиғат.
Әдістер мыналарды қамтиды: жеке мысал; әңгімелер; балалар бақшасында, клубтарда,
студияларда, мектеп сабақтары мен сабақтары; экскурсиялар; театрға, көрмелерге, мұражайларға,
фестивальдерге бару; тақырыптық кештер, ертеңгіліктер және мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеу мекемелері.
Сонымен қатар эстетикалық тәрбиені мына қағидаларды негізге ала отырып қарастырамыз.
1.
Ынтымақтастық
Достарыңызбен бөлісу: