Алипбаева Г. А., Нурова А. К


Өз-өзін бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет22/41
Дата19.05.2020
өлшемі1,67 Mb.
#69583
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі

Өз-өзін бақылау сұрақтары: 
1. 
Оқыту формасының сыныпсификациясын мазмұндау 
2. 
Сабаққа қандай талаптар койылады 
3.   «
Қоршаған  айналаныді  оқыту  әдістемесі»  пәні  сабағы  және 
сабақтар жүйесі 
4. 
Дәстүрлі сабақтар. Сабақтың құрылымы 
5. 
Сабақтын типтеріне және олардың ерекшеліктерін сиппаттау 
 
 
2.2 
«Қоршаған  айналаны  оқыту  әдістемесі»  бойынша  сабақтан  тыс 
және сыныптан тыс жұмыс 
 
Жоспары: 
1.
Сабақтан тыс жұмыс туралы түсінік және оның түрлері. 
2
.Сыныптан тыс жұмыс түрлері: жеке, топтық, жаппай. 
 
1.Сабақтан тыс жұмыс туралы түсінік және оның түрлері. 
Қазіргі уақытта мектепте сыныптан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, 
көпшілік түрде ұйымдастырылады.  Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірі-
мен  тығыз  байланысты,  бірін-бірі  толықтыра  түседі.  Мұның  негізі  мұға-
лімнің  басшылығымен  оқушылардың  білім  деңгейі,  олардың  қызығушы-
лықтары  мен  құмартуынан  және  таңдауынан  туындайды.  Дұрыс  ұйым-
дастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне 
көп әсерін тигізеді, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. 
Жеке-дара  жүргізілетін  жұмыс.  Бұл  белгілі  бір  белсенді  оқушының 
инициативасымен жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырма-
сы  бойынша  жапырақтар,  бұтақтар,  жемістер,  тамырлар  коллекциясын 
даярлау; үйде құстарды бақылау, жыл мезгілдеріне орай жапырақтардың 
түсінің  өзгеруін  бақылау;  бүршік  жару,  судың  қатуы;  осыларға  орай 
қосымша  кітаптарды  оқу  тапсырмалары  беріледі.  Сыныпы  жоғарылаған 
сайын тапсырма оқушының қызығушылығынан туындайды. Тәжірибе жа-


сау, табиғатқа өз  бетінше  бақылау  жүргізу,  бақылау  күнделігімен жұмыс 
жасау,  түрлі  қосымша  кітаптар  оқып  оқушылар  алдында  хабарлама  жа-
сау тағы сол сияқты болып келеді. 
Топпен  жүргізілетін  сыныптан  тыс  жұмыстар  түрлі  тақырыпта,  түрлі 
бағытта  ұйымдастырылған  үйірмелер.  Мысалы:  «жас  натуралистер», 
«жасыл сақшылар», «көгілдір сақшылар», «жас экологтар» тақырыптағы 
үйірмелер болады. 
Үйірме өз еркімен жазылған шектеулі санды 12-15 мүшелерден құра-
лады.  Үйірме  сабақтары  аптасына  1  рет  немесе  айына  2-3  рет  өтіледі. 
Үйірме  жұмысы  нақты  жоспарыланған,  әртүрлі  эксперименттер,  практи-
калық  және  теориялық  тапсырмалар,  ғылыми  әдебиеттермен  жұмыс, 
тұрған қаласының, ауылының, өңірінің тарихы бойынша өлкетану жұмыс-
тары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағытта-
ры бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте-бірте белгілі бір затқа 
немесе  құбылысты  тереңірек  білгісі  келетін  қызығушылық,  құмартушы-
лық  туындайды.  Содан  жекелей  бағытқа  ауыса  бастайды.  Мысалы;  бі-
реуі  өсімдіктерді,  біреуі  жануарларды,  енді  бірін  минералдарды  зерттеу 
қызықтырады,  кейбірі  табиғи  түрлі  құбылыстардың  сырын  білгісі  келеді, 
заттардың  қасиеттерін  зерттеуге  бағытталады,  ал  баз  біреуін  бөлме 
өсімдіктері  немесе  табиғат  бұрышындағы  өсімдіктердің  тіршіліктері  қы-
зық  тырады.  Осындай  бағытта  жүргізілген  зерттеу,  зерделеу,  бақылау 
жұмыстарының  қызықты  нәтижелері  сыныпс  алдында  немесе  үйірме 
отырыстарында баяндалып отырады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең мең-
геруге  мүмкіндік  береді,  баяндама,  мәлімдемелері  басқа  оқушылардың 
да сөзсіз құштарлығын арттырады. 
Үйірме  мүшелерінің  басшылығымен  түрлі  орындарға  экскурсия  жа-
салынады,  көптеген  материалдар  жинақталады.  Ол  жинақталған  мате-
риалдардан сабаққа қажетті көрнекіліктер даярлайды. Үйірме сағатында 
жасалынған тәжірибе сынып алдында сабақта да көрсетіліп таныстыры-
лады. 
Кей жағдайда үйірме мүшелерінің  өнертапқыштық қабілеттері туын-
дайды.  Үйірме  жұмыстарының  нәтижелері  көрме,  кеш,  семинар  түрінде 
жарияланады.  Үйірме  мүшелерінің  жетекшілігімен  үлкен  іс-шаралар 
ұйымдастырылады  айталық;  «Құстар  күні»,  «Гүлдер  мерекесі».  «Алтын 
күз», «Көк аспан», «Орман күні» т.б. Үйірме мүшелері мектеп маңындағы 
оқу-тәжірибе  үлескесіндегі,  географиялық  алаңдағы,  тірі  табиғат  бұры-
шындағы  жұмыстарды  ұйымдастырады,  ондағы  заттарды,  жұмыстарды 
қадағалап отырады. 
Көпшілікпен  ұйымдастырылған  сыныптан  тыс  жұмыстар:  сыныпты 
безендіру,  белгілі  бір  тақырыпта  сурет  салу  конкурсы,  тақырыптық  кеш-
тер, түрлі қойылымдарға даярлану, табиғатқа, мұражайға, жануарлар ба-
ғына,  көрмеге  экскурсияға  бару.  Мұндай  шаралар  барысында  балаға 
эстетикалық, табиғатты қорғау, ұжымдық сияқты тәрбие беріледі. Сабақ-
та  алған  білімдері,  жауапкершілік  қасиеттері  толығады,  өз  бетінше  жұ-


мыс істеуге машықтанады. Мектеп маңын-дағы көктемгі, күзгі жұмыстар, 
кештерге, тапқырлық ойындарға қатысу жатады. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  түрлі  мынандай  әдістері-
мен  жүргізіледі:  әңгіме,  әңгімелесу,  түрлі  қызықты  қосымша  кітаптармен 
жұмыс,  лабораториялық-практикалық  жұмыс,  бақылау,  тәжірибе  жүргізу 
т.с.с.  әдістер  жатады.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  ұқыпты  дайындықты  қа-
жет етеді. 
Сабақтан тыс жұмыс –  мұғалімнің жеке және топтық тапсырмалары 
бойынша  практикалық  жұмыстар  курсын  меңгерумен  байланысты  мін-
детті  сабақтардан  кейін  оқушыларды  ұйымдастыру  формасы.  Қоршаған 
айналаны  бойынша  бұл:  фенологиялық  жұмыс,  тірі  табиғат  бұрышында 
(үй жануарлары мен бөлме өсімдіктерін күту), тәжірибелі мектеп жанын-
дағы учаскеде, географиялық алаңда жұмыс істеу, қосымша әдебиеттен 
сабаққа  хабарламалар  дайындау,  сынып  бұрышын  (өлкетану,  валеоло-
гиялық және т. б.) ресімдеу, әр түрлі жағдайларда тұқым өсіру және т. б. 
болуы мүмкін. 
Сыныптан  тыс  жұмыс-мұғалімнің  басшылығымен  сабақтан  тыс  оқу-
шылардың  ерікті  жұмысын  әртүрлі  ұйымдастыру  формасы.  Келесі  түр-
лерге бөлінеді: жеке (жеке оқушыларға нақты тапсырмалар), топтық (фа-
культатив  немесе  үйірме  жұмысы),  жаппай  (мерекелерге,  таңертеңгілік-
терге және т.б. қатысу).  
«
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» бойынша сыныптан тыс жұ-
мыс түрлеріне тақырыптық апталар мен олимпиадалар өткізу, таңертең-
гіліктерді, мерекелерді, викториналарды, турнирлерді, эстафеталар мен 
т. б. ұйымдастыру, жобалық іс-әрекет, табиғи оқу жолы бойынша экскур-
сиялар және т. б. жатқызуға болады. 
Сабақтарда  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмысы  мен  сыныптан  тыс  жұ-
мыстар  арасында  тығыз  байланыс  бар.  Оқу  сабақтары  оқушылардың 
пәнге  деген  қызығушылығын  дамыта  отырып,  сыныптан  тыс  жұмысты 
өрістетуге  ықпал  етеді,  керісінше,  оқушылардың  білімін  практикада  қол-
дануға  мүмкіндік  беретін,  осы  Білімді  кеңейтетін  және  тереңдететін  сы-
ныптан тыс сабақтар оқушылардың үлгерімін және олардың оқуға деген 
қызығушылығын арттырады. Алайда сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысын 
қайталамауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет